Қысқа және орта қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы екіжақты келісім АҚШ пен Совет Одағына әрекет ету радиусы 500-5500 шақырым аралығындағы құрлықтағы қанатты баллистикалық зымыран жасауға тыйым салған. Келісімге АҚШ президенті Рональд Рейган мен Совет Одағының басшысы Михаил Горбачев 1987 жылы қол қойған. Құжат 1988 жылы күшіне енген.
Сарапшылар бұл келісімнің тоқтауы АҚШ пен Ресей арасында қару бақталасын күшейтеді деп есептейді.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш келісім тоқтаған соң әлем "ядролық соғыстан сақтану құралынан айрылады" деп мәлімдеді.
АҚШ пен НАТО өкілдері Ресейді аталған құжат шарттарын бұзды деп талай рет айыптаған.
Abai.kz