"Ресей билігі азаматтардың пікір білдіру құқықтарын шектеп отыр" делінген АҚШ-тың Мәскеудегі елшілі таратқан мәлімдемеде.
ЕО сыртқы істер мекемесінің өкілі Майя Коцьянчичтің мәлімдеуінше, ЕО Ресейден акцияда ұсталған 600 адамның тез арада босатылуын талап етеді. Швеция СІМ басшысы Маргот Вальстрём Ресей билігін тәуелсіз кандидаттарды сайлауға қатыстыруға шақырған..
Акция барысында 600 адам ұсталғанын Ресей ІІМ хабарлаған. "ОВД-Инфо" сайтының мәліметі бойынша, митингте 1001 адам ұсталған. Бұның алдында бұл сайт 828 адам ұсталғанын хабарлаған. Олардың көбісі бостандыққа шыққан. Жексенбі күні таңертең полиция бөлімшелерінде 19 адам қалған.
Бес адам ауруханаға түскені хабарланды.
Мәскеуде наразылық акциясы тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық думасын сайлауға қатыстырмай қойған соң басталды. Мәскеу орталығында ең ірі наразылық акциясы 27 шілдеде өтті. Сол кезде 1300 адам ұсталған еді.
Abai.kz