Сенбі, 23 Қараша 2024
3406 3 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 11:07

Cегіз адам "терроризмді насихаттады" деген айыппен сотталды

Алматы қаласында 5 тамызда сот залындағы тоғыз сотталушының сегізі "терроризмді насихаттады" және "араздық туғызды" деген айыптармен сотталды.

40 жастағы Болатбек Нұрғалиев сегіз жылға сотталса, 39 жастағы Ернар Саматов жеті жарым жылға жазаланды. 36 жастағы Бекет Мыңбасов жеті жыл түрме жазасын алды. Сот оларды "терроризмді насихаттады", "араздық туғызды" деп таныды. 27 жастағы Азамат Үмбетәлиев, 34 жастағы Жасұлан Ысқақов, 32 жастағы Самат Әділов, 31 жастағы Назим Әбдірахманов және 36 жастағы Есім Сүлейменов "араздық туғызды" деген айыппен бес жарым жылға сотталды.

Сот үкімін тыңдаған сотталушылардың туыстары "Сотқа масқара!" деп айқайлады. Сот үкімі шыққан соң олар сот ғимараты алдына жиналып, "Бізге әділ сот керек", "Жазықсыз жандарға түрмеде орын жоқ" деп жазылған плакаттар ұстап тұрды.

Іс материалдары бойынша, WhatsApp мессенджеріндегі топты Болатбек Нұрғалиев "терроризмды және салафизм идеяларын насихаттау үшін" ашқан, топқа осы көзқарастағы сегіз досын тіркеген.

Сотталушылар тағылған айыптармен келіспейтіндіктерін айтып, соттан өздерін ақтап шығуын сұраған.

Істегі тоғызыншы айыпталушы, 40 жастағы Жұлдызбек Тәуірбековтің ісі күдіктінің ауырып қалуына байланысты жеке қаралады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347