«Қазақ емшілігі» атты үш томдық кітап жарық көрді
5 тамыз күні Алматы қаласындағы қалалық төртінші кітапханада Академик, ғалым Қайрат Айдарханұлының «Қазақ емшілігі» атты үш томдық кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл зерттеу жұмысына 30 жылдан астам ғұмырын арнаған ғалым аталған еңбегінде қазақ даласында өзіне тән медицинаның бар екенін дәлелдеуге тырысқан.
Оның айтуынша, Ұлы даланың халқы адамды төрт түлік малмен, аң-құстың түрлері арқылы да қатерлі ауруларды емдеп отырған. Мәселен, әлемде шөппен емдеу, өсімдіктерден дәрі жасау жағынан Тибет көш бастаса, қазақ даласы ем жасауға арналған шөптің көптігі жағынан екінші орында.
«Қазақтың емі атам заманнан бері қарай жалғасып келе жатыр. Мен бұл кітапта осы байтақ даланы қорғап қалу, қазақтың осы күнге дейін ұлт болып қалыптасуы, бүгінгі күнге жетуі қазақ медицинасы, қазақ емшілігі жайында жаздым. Мәселен, ешкі 650 түрлі шөпті жейді. Ол 650 түрлі дәрі деген сөз. Сиыр, жылқы, түйе қанша жейді? Міне, кітапта осының барлығы жазылған», – дейді медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Айдарханұлы.
«Арқа төрінде», «Сыр мен сауыр арасы» атты еңбектердің авторы бұл жолғы шыққан көптомдығында кітапханаларға тегін берді. Медицина саласында 40 жыл еңбек етіп келе жатқан маман 17 мыңнан астам адамға ота жасапты. Ғалым алдағы ғұмырында емдік шөптерді пайдаланудың нақты жолдарымен айналыспақ.
Дереккөз: Almaty.tv
Abai.kz