Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3212 0 пікір 15 Шілде, 2011 сағат 05:51

Ардагелді КӨШІМБАЕВ. Секталарға сеніп қалмайық

Ашығын айтар болсақ, бүгінгі қазақ арасындағы ислам діні бірнеше тармаққа бөлініп кетіп отыр. Оған негізгі себеп -әр түрлі ұстанымдағы ислам уағызшылары. Мәселен қазақтың ежелден ата - бабасының әруағын қастерлеп оған құран бағыштау, басына бару секілді дәстүрін Түркиядан оқып келгендер дұрыс десе, араб елдерінен білім алып келген дін мамандары қате деп ұғындырып бағуда.

Ашығын айтар болсақ, бүгінгі қазақ арасындағы ислам діні бірнеше тармаққа бөлініп кетіп отыр. Оған негізгі себеп -әр түрлі ұстанымдағы ислам уағызшылары. Мәселен қазақтың ежелден ата - бабасының әруағын қастерлеп оған құран бағыштау, басына бару секілді дәстүрін Түркиядан оқып келгендер дұрыс десе, араб елдерінен білім алып келген дін мамандары қате деп ұғындырып бағуда.

Десек те бізге исламдағы әйгілі төрт масхабтың ішінде Имам Мағзұм масхабына жататынымыз бірінші ескерілуі тиіс. Сол себептен де біздің қазақ үшін ата - бабасын дәріптеу, еске алу, оның мұсылмандығына ешқандай да салқындығын тигізбейді. Тіпті бұл туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Қабірге барып тұрындар, қабірлер сендерге о дүние жайлы ойлар салады». Яғни қабір басына барып ата - бабаға арнап құран бағыштаудың пайғамбар тұсында да бәлендей сөкеттігі болмаған. Бірақ бір ескеретін жағдай, қазақ қанша діндар болса да өлген адамның атын атап, одан бәлендей жәрдем күту ақиқи ислам шариғаты бойынша қате. Турасын айтсақ, жаратушы Аллаға шерік қосу болып есептеледі. Ал шерік исламда кешірілмейтін күнәға жатады. Тағы бір айта кететін мәселе, бізде бүгінде автобусқа адам толтырып алып кіші қажылық жасаймыз деп әулие аралап жүргендерді де көріп отырмыз. Бұл бауырларымыз да жоғарыдағыдай әр түрлі уағызшылардың кесірінен ата - баба қабірін адақтап жүр. Олардың да қате тұсы осы шерік қосу мәселесіне келіп тіреледі. Бұл топқа кіргендер тек бабалар басына құран бағыштаумен шектелмей, олардан жәрдем тілеп адасуда.
Өздерін «нағыз мұсылманбыз» деп жүрген тағы біраз бауырларымыз жеке топ болып Саид Нурси ілімін уағыздап жүр. Бұл тіпті еліміздегі жоғары оқу орнында оқитын студент жастарымыздың арасында көбейіп барады. Бір Алматының өзінде осы бағытта уағыз тарататын бірнеше орындар бар. Сөз жоқ, Сайд Нурси өз заманында ислам дінінің керемет білгірі болған. Бірақ ол артына: «Ертең өлгесін мені пайғамбардың алдына қойып уағыз жүргізіндер», - деп өсиет қалдырмаған. Немесе: «Мен арқылы исламды жамылып өзге елдерге менмендік саясаттың жүзеге асуына ықпал жасаңдар» - деп айтпағаны тағы анық. Өкінішке қарай, бізге келіп Сайд жазған құран тәспірлерімен уағыз жүргізіп отырған миссионерлер жоғарыдағы екі мәселемен де астыртын айналысып отыр. Мұны олардың уағызына барып қатысқан кез келген саналы адам байқауы қиын емес.
Біздің пікірімізше, бұлардың қай - қайсысы да қазақтың ішкі бірлігі мен ынтымағының әлсіреуіне әсер етеді. Сонымен қатар, ұлттық менталитетіміздің жоғалуына да әсер етпей қоймасы анық. Менталитет демекші, қазір біздің ортамызда ислам дінінің отаны саналатын Сауд Арабиясы мемлекетінен оқып келген қазақ уағызшылары жүр. Олар үшін өзге елдің ұлттық болмысы, менталитеті деген нәрселер бес тиындық құны жоқтай. Мәселен, егер сен мұсылман болсаң солар секілді ұзындығы тізеден төмен түсетін ақ түсті киім киюін керек екен. Мұның себебін сұрасаңыз, бұл - сүннет. Ал сүннет деген сөз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ислам жолында істеген әрбір істері. Бірақ бұл жерде тек исламның көркейіп, өркен жаюы үшін пайғамбар жасаған істер ғана сүннет екенін олар білмейді емес, біледі. Біріншіден, бұл араб елдерінің ұлттық киімі. Олардың бұлай ақ түсте киінуін ақ жолда жүру ниетінен деп түсінуге болмайды. Ақ түсті киімді ұлттық киімдері ретінде таңдауының негізгі себебі, ол мемлекеттердің географиялық орналасуы экватор бойында жатыр. Сол себептен де ол жақта күн ыстық. Аптап ыстықта кімнің болсын, ақ киім кимеске лажы жоқ. Сондай -ақ осы уағызшылардың бірінің сөзіне сүйенсек, ислам шариғаты бойынша дүниеден өткен адамды сол күні тез жерлеу керек екен. Ал біздің қазақта қанша жерден асығыс болса да өлген адамның алыстағы туған - туысын, бала - шағасын бір - екі күн күту мұрсаты беріледі. Бұл жерде де мәселенің шешімін табу аса қиындыққа апармайды. Жоғарыда айтқанымыздай, ол жақтағы күннің 40-50 градус ыстығынан мәйітті көп сақтай алмайтындықтан амалсыз осындай шараға барады. Бірақ оны «исламның шарты» деп түсіндіруі құлаққа ене қоймайды. Тоқетер түсінгеніміз, сонау жерден келіп қаншама ақшасын «жомарттықпен» шашып жүргендердің көкейінде діннен де жоғарырақ тұрған басқа нәрсенің бар екені. Ешқандай мемлекетте, ол зайырлы мемлекет болса да адамдардың діни сенім -нанымы ол елдің ішкі сыртқы саясатынан бөлек тұрған емес. Осы жағын біздің ағайындар ескеруі тиіс.
Бұл мақаламызда еліміздегі бүгінгі ислам дінінің бірнеше тармақтарына ғана тоқтала алдық. Бұдан басқа да Яссауидің қазақ топырағында өмір сүргенін алға тартып өздері жасап алған «Яссауишілдік ілімін дамытып жүрміз» деген желеумен жұмыс істеп жатқан зікіршілер жайлы айтылып жазылып та жатыр. Мұның да қазақ үшін пайдасынан гөрі зиянды жақтары баршалық.
Әрине кім қандай діни сенім - нанымда өмір сүргісі келеді, өзінің құқығы. Тек біздің айтпағымыз, осы жоғарыдағыдай «діндар ақылгөйлердің» көбейіп кетуінің негізгі себебі -елімізде бой көрсетіп отырған догматизм мәселесі. Догматизмнің қазақша тікелей аудармасы «діни шала сауаттылық» деген ұғым береді. Бұдан да гөрі жақынырақ аударсақ - дүмшелік. Біз бұл жерде бар қазақты жаппай діни шала сауатты дүмше деуден аулақпыз. Десек те біздің ортамызда догматизм салқыны бар екені рас.
Осы жерде айта кететін бір нәрсе, ислам дінінің қазаққа пайдалы жақтарын жүйелі түрде оқыту мәселесін қолға алу керек. Бұл үшін Мұсылмандар Діни Басқармасы арнайы бағдарлама жасап, оны қазақ қоғамына толыққанды ендіру қажет. Онда: «Міне сен қазақсың сенің ата - бабаң ислам дінінің мына масхабы бойынша өмір сүрген. Оның ішінде біздің әдет - ғұрыпқа қайшы келетін ешқандай тұстары жоқ», - деп анық әрі сенімді көрсетілу тиіс. Бұл бағдарлама жалпы адамзат баласына ортақ исламның қағидаларымен құран сүрелерінен алыстап кетпеу керек. Сонда ғана біз қазіргідей жан - жақтан тартушылықтан құтыламыз. Діни басқарма демекші, осы басқарма ғимаратына жақын тұрған орталық мешітке барып намаз оқып көрсеңіз бірнәрсені байқамай қалуыңыз мүмкін емес. Егер жамағат болып намаз оқып тұрғанда қарасаңыз намазхандар барлығы бір имамға ұйып тұрып намазды әр түрлі оқиды. Мәселен біреулері қолдарын кіндігінің тұсына қойса, енді біреулері кеуде тұсына қойып екі аяғының арасын барынша талтайтып тұрып оқып жатады. Біздің білуімізше Имам Мағзұм масхабы бойынша намаз кезінде екі қол кіндік тұсында, екі аяқтың арасы төрт еліден сәл артық қана ашық болуы тиіс. Діни басқармада отырған кісілер сол жерге барып, осы мәселенің басын ашып беруге болады ғой және сол Діни басқармада арнайы пәтуа бөлімі сонда жұмыс істейді. Ақиқатына келсек, осы мәселе дәл сол бөлімнің айналысатын ісі.
Бір кездері сонау жетінші ғасырдың аяғы мен сегізінші ғасырдың басында қазақ даласына ислам дінін әкелуші Әби құл ибн Қаз есімді миссионердің өз еліне барып қазақтар туралы жазған «Жәннаттықтар қауымы» атты кітабында мынадай сөздер кездеседі: «Бұл халық (қазақтарды айтып отыр) келген қонағынан ақы алмайды және қанша күн жатса да оны үйінен қумайды. Бұл елде ұрлық деген өте аз болады. Барлық адамдары бір ауылды үлкен адамның айтқанымен жүреді. Егерде әлемдегі барлық халық осылар секілді болса, тозақ әлдеқашан бос қалар еді». Бұл жерде қазақтың ислам діні келмей тұрып - ақ исламның барлық шарттарына сәйкес келетін өз әдет ғұрпы болғанын байқауға болады.
Мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізуге арналған; дамыған немесе даму үстіндегі тыныш елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі ретінде діни ағымдар (секталар арқылы) қоғамға іріткі тудыру, әлсірету экономикамен саясатқа, білімге, ғылымға, болашаққа кір келтіру арқылы өскен жастарға қауіп түсіру; отанды сүю иманынан тайдыратын; дінаралық қақтығыс тудырумен кикілжің халге жеткізуге бағыт беру; дінсіздікке ұшыратуға арналған факторлар - олар секталар екенін білуіміз керек.

Ардагелді КӨШІМБАЕВ,
профессор, журналист

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8887&Itemid=34

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560