Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 15 Шілде, 2011 сағат 05:54

Жиынбек Рәбілұлы. Мұнайым, неге болдың уайым?

 

Былтырғы көктем айында басталған «Жаңаөзен» мұнайшылары ереуілінің шешімін табуына қатысып, 14 талаптың 11 талабына қол жеткізілуіне куә болғандықтан, биылғы ереуілдерге де алаңдап отырған едім. Менің уайымымды дөп басқандай болып, «Азат» партиясының теңтөрағалары Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбай Маңғыстау өңірі мұнайшыларына құқықтық көмек беріп қайтуым жөнінде ұсыныс жасады. Сөзге келместен келісімімді беріп, 21 маусым күні Маңғыстау топырағына аяқ бастым.

«Өзенмұнайгаз» Өндірістік филиалының ереуілде тұрған адамдарымен дереу жолығып, құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтарына жауап беріп, істің анық-қанығына жету үшін, тиісті келісім-шарттарға, заңнамаларға көз жүгірттім. Иә, жасырары жоқ, ереуілге шығар алдындағы заң талаптары жұмысшылар тарапынан бұзылған екен. Бірақ ауыр жұмысқа тиісінше еңбекақы мен заңнамалар шеңберінде қарастырылған өтемақыларын талап етулері әбден дұрыс. Дұрыс емес дейтіндер Астанада отырып тон пішпей, 40-57 градус ыстықта, құм ұшырған ыстық жел өтінде, қызыласықтан мұнай қалдығы араласқан топырақты кешіп, керосиннің иісін иіскеп жүріп, бір сағат жұмыс істеп көрсінші...

 

Былтырғы көктем айында басталған «Жаңаөзен» мұнайшылары ереуілінің шешімін табуына қатысып, 14 талаптың 11 талабына қол жеткізілуіне куә болғандықтан, биылғы ереуілдерге де алаңдап отырған едім. Менің уайымымды дөп басқандай болып, «Азат» партиясының теңтөрағалары Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбай Маңғыстау өңірі мұнайшыларына құқықтық көмек беріп қайтуым жөнінде ұсыныс жасады. Сөзге келместен келісімімді беріп, 21 маусым күні Маңғыстау топырағына аяқ бастым.

«Өзенмұнайгаз» Өндірістік филиалының ереуілде тұрған адамдарымен дереу жолығып, құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтарына жауап беріп, істің анық-қанығына жету үшін, тиісті келісім-шарттарға, заңнамаларға көз жүгірттім. Иә, жасырары жоқ, ереуілге шығар алдындағы заң талаптары жұмысшылар тарапынан бұзылған екен. Бірақ ауыр жұмысқа тиісінше еңбекақы мен заңнамалар шеңберінде қарастырылған өтемақыларын талап етулері әбден дұрыс. Дұрыс емес дейтіндер Астанада отырып тон пішпей, 40-57 градус ыстықта, құм ұшырған ыстық жел өтінде, қызыласықтан мұнай қалдығы араласқан топырақты кешіп, керосиннің иісін иіскеп жүріп, бір сағат жұмыс істеп көрсінші...

Ал мұнайшылар айына кемінде 164 сағат жұмыс істейді. Ереуіл белсенділері мен көшбасшыларын қолданыстағы Еңбек Кодексінің 54-бабы, 1-тармағы 6-тармақшасы бойынша (қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған) жұмыстан шығарып жатыр.

Бүгінгі күні 9000 адам еңбек етіп, жылына 6 300 000 тонна мұнай өндіретін «Жаңаөзен» ӨФ-нан 200-ден аса адам, 4640 адам жұмыс істейтін, жылына 1 980 000 тонна мұнай өндіретін «Қаражанбасмұнай» компаниясынан - 156 адам, ал «ERSAI» ЖШС-нен (мұнай өндірмейтін құрылыс мекемесі) 100-ден аса адам жұмыстан шығарылды.

Енді не істеу керек? Ереуілдегі әр жұмысшының артында аузын ашып, күніне кемінде үш мезгіл тамақ сұрап отырған балалары, жарлары мен қариялары бар. Одан қалса, банктерде кредиттері мен жұмыс берушіден алған несиелері бар екені де белгілі болып отыр.

Қалай болғанда да, бұл даудың дұрыс шешімін тауып, ерен еңбек етіп жатқан жұмысшыларды қудаламай, қайта жұмыстарына алдырту мақсатында аталмыш жұмыс беруші мекемелердің басшыларымен жолықтым. (Облыс әкімшілігі қызметкерлері түрлі себептермен менімен жолығудан қашқақтап жүр). Сол кездесулер барысында болған жайттарды баяндап өтпекпін.

«Қаражанбасмұнай», «Жаңаөзен» және «ERSAI» компаниялары жұмысшыларының белсенділерімен кездесіп, істің анық-қанығына жеткен соң, «Өзенмұнайгаз» ӨФ заңгері Сүйебай Әділмен («ҚазМұнайГаз» және «Өзенмұнайгаз» басшылары менімен кездесуден бас тартты), «Қаражанбасмұнайдың» бірінші вице-президенті Елеусінов Қайырбек, вице-президенті Сахимов Әли және Директорлар кеңесінің төрағасы Әубәкіров Асқар, «ERSAI» ЖШС-нің Қоғамдық және үкіметтік байланыстарының үйлестірушісі Адам Әділет сынды азаматтармен жолығып, тілдестім.

Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, бәрі бірауыздан: «Ереуіл заңсыз, ереуілшілер ереуілді тоқтатып, жұмыстарына шықсын, талаптары негізсіз», - дейді. Әңгіме барысында жұмыс берушілер өздерінің істерінің заңды екенін, еңбекақы көлемі толық, заң шеңберлерінде төленіп отырғандығын дәлелдеп бақты. Тіпті сұраған құжаттарымды да толығымен көрсетіп берді.

Ал жұмыстан жұмысшыларды қалай іріктеп-таңдау арқылы шығарып жатқандары туралы сұрағыма: «Органның адамдары біздің өтінішіміз бойынша заң шеңберінде бейне, аудио түсірілімдер жасап берді. Соның негізінде белсенділер мен көшбасшыларын жұмыстан шығарып жатырмыз», - деді.

«Жұмысшыларға еңбекақыларының қайдан, қалай құралатынын түсіндіре алмай, істі ушықтырып жібергендеріңіз үшін кінәлісіздер ғой. Жұмыстан шығарғандарды қайта жұмысқа алыңыздар. Істің арты насырға шабуы мүмкін. Мына жұмыстан шығарып жатқан адамдарыңыз - соңдарынан адам ертіп, сөздерін өткізе алатын адамдар. Жараның аузын таңып қойғандарыңызға алданбаңыздар, кейін сыздап жарылуы мүмкін», - деп, мекеме басшыларын біраз үгіттегенмен, олар жұмыстан шығарылған адамдарды кері қабылдамайтындықтарын айтып, өздерінің біржақты ұстанымдарын аңғартты.

Дегенмен жұмысшылардың белсенділерімен келіссөздер жүргізуге әрқашанда дайын екендіктерін, тіпті өз беделі мен таныстығын салып, басқа мекемелерге жұмысқа орналастыруға да ықпал тигізетіндерін айтып, біздерді шығарып салды.

Алғашында құқықтық көмек сұрап келіп жатқан адамдардың тізімін жаза бастап едік, қазір тіпті өйтіп жазып отыруға уақыт таппай қалған жайымыз бар. Құқықтық көмекке зәру жандар тіптен толастайтын емес. Мәселе күннен-күнге ушығып барады.

Маңғыстау халқы жер ерекшелігіне байланысты еліміздің солтүстік өңірінің халқы сияқты астық егіп, табыс таба алмайды. Оңтүстік өңіріміздегідей, жеміс-жидек, көкөніс те өсіре алмайды. Шығыс өңіріміз секілді 30-дан аса түрлі зауыт, фабрикалары жоқ. Орталығымыздағыдай сауда-саттықпен табыс таба алмайды. Бекіресі мен уылдырығын да ауыздарынан жырып алып, шетел асырып жатыр. Сонда киелі Маңғыстау топырағының халқы қалай, немен күн көрмек?!

Әрине, тек мұнай, газ өндірумен және мал шаруашылығын дамыту арқылы ғана күнін көрмек. Мал өсіру де оңай шаруа емес, аптап ыстықта. Жем, шөбі бар дегендей. Өсіргенмен етін, терісін сату да оңай бола қоймас. Сондықтан ойлап қарасақ, Жаратушы Алла Маңғыстаудың қойнауын «қара алтынға» толтырып берген. Бұл, біле-білгенге, Маңғыстау халқына Алланың бөліп берген еншісі, несібесі.

Олай болса, биліктегі басшылар, білікті іскер мырзалар, Маңғыстау мұнайының пайдасын бірінші кезекте жергілікті халық көруі тиіс шығар!? Олардың қажетін өтеп болғаннан қалғанын еліміздің басқа керегіне жаратқанымыз Алла алдында да, Ар алдында да дұрыс болмай ма?! Олай болмағанда мұнайшылар дауы ұзақ жылдар бітпей, ереуілдер тоқтамай ма деп уайымдаймын.

Жиынбек РӘБІЛҰЛЫ,

құқық қорғаушы, заңгер,

Алматы-Маңғыстау-Алматы

 

Маңғыстау билігі

НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?

Маңғыстаудағы ереуіл басталғанына екі айдан асты, биліктен жұмысшылар мен олардың отбасыларын ойлайтын бір азаматтың шықпағаны өкінішті. Ақтау қаласы үшінші шілдеден бастап той тойлады. Ал өздерін «халық қалаулыларымыз» деп төс соғатын жерлестеріміз - парламент депутаты Зейнолла Алшынбаев пен сенат депутаттығына үміткер Бақтыбай Шелпеков Өзен мұнайшыларының үстінен өтіп, «Кендірлі» демалыс орнында демалып жатса керек.

 

Сонда қалай болғаны, өздерін сайлаған халықты көзге ілмейтін адамдардан не үміт, не қайыр!? Мен өз жерлестеріне жаны ашымаған Зейнолла ағамызды түсінбедім. Кезінде бұл кісіге Маңғыстау халқына пайда келтіреді деп бәріміз қызмет еткенбіз. Біздің үмітімізді ақтамағаны өкінішті. Бақтыбай ағамыз сенатқа барса, кімге қызмет ететіні айтпай-ақ түсінікті.

Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мырза Назарбаевтың айтуымен жұмыстан босатылған мұнайшыларды әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмысқа орналастырамыз деп комиссия құрды. Бірақ бұл комиссия құрамында билікке тәуелсіз ешкім жоқ. Сонда қалай әділ шешім болады? Жұмысынан қуылған мұнайшылар неге әлеуметтік жұмысқа барулары керек?

Мен ҚКП Маңғыстау облыстық бөлімшесінің атынан халық сұрауы бойынша, Жаңаөзен қаласынан 3 рет, Ақтау қаласынан 2 рет бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрадым. Алайда әртүрлі сылтау айтып, рұқсат бермеді, егер халық өзі шықса, заңсыз шеру жасады деп жауапқа тартуға дайын. Халық енді рұқсатсыз шығуы мүмкін. Ал бұған кінәлі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев болады. Өйткені Қырымбек мырзаға халық керек емес.

Жалпы, бұл мәселеде полиция қызметкерлері жазықты емес. Себебі, жоғарыдан түскен тапсырма солай. Билік еш жазықсыз Ақжанат Аминовті екі айға қамаққа алып, қысым көрсетіп жатыр. Шектен шыққандары сондай, дәрігерлік көмек те көрсетілмейді екен. Алайда халықты қамаумен қорқыта алмайды, көптің аты - көп. Бірақ мұны біздің билік әзірге түсінбей отыр.

Нұрияш ӘБДІРЕЙІМОВА,

ҚКП МОК бірінші хатшысы

 

ТАЛАП

Біз Маңғыстау азаматтарының барлық талаптарының толық орындалуын биліктен талап етеміз! Наталья Соколова, Нұрбек Қашақбаев пен Ақжанат Аминов қамаудан дереу босатылуы керек! Полицейлік террорды жедел тоқтатып, ереуілшілерге, оларды қолдаушы азаматтарға қарсы ашылған әкімшілік істер толық тоқтатылуы керек! Жұмыстан шығарылғандар түгел орындарына қайтуы керек! «Өзенмұнайгаздың» бұрынғы мәртебесі қайтарылсын! Жекешелендірілген мекемелер мемлекетке қайтарылсын! Жергілікті халық жұмысқа орналастырылсын! Жаңа жұмыс көзі ашылып, мүгедектер мен жетім-жесірлерге жұмыс берілсін! Оқу мен дәрігерлік көмек ақысыз болсын! Мұнайдан түскен пайдадан жаңа туған нәрестелердің шотына ақша салынсын!

Егер осы талаптар жедел орындалмайтын болса, бүкіл халық болып, ереуіл болып жатқан ауыл, қала, облыс әкімдерінің, әскери құрылымдар басшыларының өз орындарынан кетуін үзілді-кесілді талап етеміз!

Бізді қинайтын тағы бір мәселе - банктердің несие қақпанына түскен отбасылардың жалғыз баспанасын тартып алуы! Осындай озбырлықтың нәтижесінде соңғы 5 жылда 15 адам өз өмірлерін қиды. Кеңес кезінің өзінде пәтер тегін берілетін, қазір баспанасынан айырып, бала-шағасын далаға шығарып тастаған отбасылар қаншама! Қақаған аязда қар үстінде қалғандар да бар. Сонда бұл қандай тәуелсіздік? Бұл масқаралықты тоқтататын уақыт жетті! Банкке борышты деген желеумен халықтың банкоматтары жабылып, 1933 жыл қайталануда! Жиырма жылда жеткен биігіміз осы ма?

Біз, Аналар, осы талаптарды орындату мақсатында «Ақ жаулықты аналар комитетін» құрып, әр жұма сайын сағат 11 мен 12 аралығында ауыл, қала, облыс әкімдіктерінің алдында үнсіз басқосу өткізетінімізді жариялаймыз!

Егер билік осы мәселелердің шешімін таба алмайтын болса, соны мойындап, қолынан іс келетін басқа азаматтарға орнын босатуы керек!

Бәріміз бір ұлт екенімізді көрсетейік, жұмылайық! Сонда ғана біз Отанымызға, жерімізге ие бола аламыз!

Хабарласу телефондары:

8/7292/46-65-02, 52-02-71

Маңғыстау облысы

«Ақ жаулықты аналар»

комитетінің үндеуінен

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 26 (109) 13шілде 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554