Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 10932 0 пікір 17 Шілде, 2011 сағат 08:05

Шоқан УӘЛИХАНОВ. Тәңір (Құдай)

  • Шоқан Уәлихановтың көптомдық шығармалар жинағының бірінші томына кірген бұл мақаланы ықшамдап, тегін тануға талпынысы бар ұрпақтың қажетіне жарар дүние ретінде жариялап отырмыз.

Редакция

От әулие (киелі) болып саналады... Қарғыс... Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды. Жаңа түскен келін (күйеуінің) әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «аруақ» разы болсын» деп тағзым етіп, отқа бір қасық май құю керек. Жас келін сәлем еткенде, аруақ разы болсын деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, отағасы жас келінді: «Иін қандырып илеген терідей, мінезің жұмсақ болсын, қара-  ғым», - деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады. Жан беру (ант) беру үшін, екі жерден от жағып, адам сол екі оттың арасынан өтіп, кісі өлтірген мылтықтың ұңғысын сүюге тиіс.

Желұшық - желмен ұшықтау, ырым-жоралық емдеудің түрі.

  • Шоқан Уәлихановтың көптомдық шығармалар жинағының бірінші томына кірген бұл мақаланы ықшамдап, тегін тануға талпынысы бар ұрпақтың қажетіне жарар дүние ретінде жариялап отырмыз.

Редакция

От әулие (киелі) болып саналады... Қарғыс... Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды. Жаңа түскен келін (күйеуінің) әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «аруақ» разы болсын» деп тағзым етіп, отқа бір қасық май құю керек. Жас келін сәлем еткенде, аруақ разы болсын деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, отағасы жас келінді: «Иін қандырып илеген терідей, мінезің жұмсақ болсын, қара-  ғым», - деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады. Жан беру (ант) беру үшін, екі жерден от жағып, адам сол екі оттың арасынан өтіп, кісі өлтірген мылтықтың ұңғысын сүюге тиіс.

Желұшық - желмен ұшықтау, ырым-жоралық емдеудің түрі.

Отпен емдеудің бір түрі: малдың жеті мүшесінен ет кесіп алып, отқа қақтап ауырған жерді қыздырады (әсіресе сарп ауруында). Аурудан тазарту үшін, отқа қаңылдыр шөмішті қып-қызыл етіп қыздырады, содан соң оған май құйып, көк шүберек салады, ол тұтанып жанғанда, аурудың мұрнына жақындатып, шөмішке суық су құяды. Осы кезде қатты бу шығады. Емдеудің бұл түрін желұшық дейді.

Жаңа туған айды көргенде, үш рет ұшып тұрып, үш рет иіледі де, жерден шөп жұлып алып, үйге алып келіп, отқа тастайды.

Аруақ - ата-баба рухы, басқа қиын қыстау күн түскенде, жан қиналғанда: «Аруақ, қолдай көр, қолтығымнан жебей көр!» - деп айтады. Құрбан шаларда, сиырдан ай мүйізді, аша тұяқты (отбасын желеп-жебейді), қойдан бозқасқа және сарыбас қой - ақсарбас, бауырсақ құлақты көк қой, құлағы тілінген, қасқа тісті, қасқасы бар аппақ аққасқа, сондай-ақ алғашқы тума төлді құрбан шалады. Егер құрбанға аталған төлдің басы - тұмсаны қимаса, атаған малдың сілекейін басқа малдың басына жағып құрбан шалады. Адам өлгенде аруағына арнап, қырық күнге дейін, әр күн бір шырақтан жағады немесе төрт күн шырақ жағады. Шырақты босағаның оң жағына жағады, себебі өлген кісінің аруағы қырық күнге дейін үйге келіп, балалардың жай-күйін біліп жүреді. Сол үшін күн батып, шырақ жағылғанша, іңірде есікті ашып, тостағанға қымыз құйып, босағаға ақ киіз төсейді, осылай өлген адамның аруағын күтеді. Үйдегілер өлген адамға Құран оқып, тостағанға қымыз құйып, шырақ жағады.

Өлікті үйден шығарарда: «Құдайдан бүтін денең алыста», - деп, үй мүліктерін, тамақты өліктің мүрдесінен айналдырып өтеді.

Жерге табынбайды, жын жиналады деп, аруақтардан қорқып және абайламай жүргеннен сарп ауруы болады деп ескі жұртты баспайды. Тек көктемде шыққан көкті жұлмайды.

Табиғаттың барлық тосын құбылыстары көрініс берген жерлерді қасиетті деп санайды. Ол жерлерде әулие түнеді деп ұғады. Барлық қорғандарды оба деп атайды. Құлан түздегі жалғыз ағаш болсын немесе бұтақтары қисық, сиықсыз өсімдік қасиетті саналып, түнемелік орын болады, жанынан өткенде, адамдар киімнің бір жыртысын, шүберек, аттың қылын байлайды, ыдыс-аяқ тастап, мал сояды. Тұзды көлдер де әулие, не аруақтың көзі түскен кен деп аталады.

Жалпы, мал көшпенділердің жалғыз байлығы болғандықтан, әртүрлі тыйымдар бар: малдың сүйегін баспайды, егер сүт төгілсе, кесір болмасын деп, сол жерді жақсылап тазалайды, разылығын алу үшін оң қолын маңдайына, иегіне, оң иығына , содан соң сол иығына апарып, тәу етеді. Сондай-ақ жылқының желісін аттағанда да тәу етеді, себебі желінің де киесі болады. Ұстаның темір төсін көрсе, тәу етеді. Жылқышының құрығынан, балта, бақанның үстінен аттамайды, «Бақан аттаған байымайды, балта басқан жарымайды» деген сөз бар...

Егер қырғыз түнде сиыр көрсе, қамшымен тартып жіберуге тиіс, себебі түнде сиырды жын-шайтан, перілер мініп алады. Ешкі малы қырғыздарда сыйлы жануар санатына жатпайды. Төрт түлік малдың арасындағы ерекше белгілері барлары құтты жануар болып саналады. Мысалы, қырғыздардың түсінігінше, жалы мен құйрығын шайтан өріп тастаған жылқы құтты саналып, ешкімге берілмейді, себебі сол малмен бірге құт-береке кетеді, егер берілсе, сілекейін алады. Мысалы, жылқының жалынан қыл жұлып алып, кететін малдың аузына салып, сілекейлеп қалтасына салып қояды.

Сондай-ақ жапалақ, үкі, тоқылдақ, көк қарға, көкекке тиіспейді. Соңғысы ертеде адам болыпты деген аңыз бар. Бір ауылға күйеу келіп, аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңлісі атты іздеуге шығып, бір аяғына өз етігін, екінші аяғына күйеудің етігін киеді. Бұл көктем мезгілінде болса керек, міне, сондықтан да көкектің бір аяғы қызыл, екінші аяғы көк, сол себепті де «аты жоқ көкек» деп айтады. Көкектің қасиеті бар, көкек қонған бұтақты алып, май мол болады деп, сүті бар сабаға (бұл сүт - іркіт деп аталады) салады.

Ислам діні бір құдайға сену мен тәңіршілдікті (біріктіре отырып) және жын, тәні жоқ рухтар, пері, шайтандардың бар екенін айтып, шамандықтағы албасты туралы ұғымды жоя алмады. Перілер мұсылман және кәпір болды. Кәпір дініндегі перілер адамға үнемі жамандық әкелуші - лашын, бүркіт бейнелерінде жүреді.

Жын - бақсы сөйлесетін рух. Оның әрқайсысының аты бар. Жындар кәрі, жас, еркек, әйел болып келеді. Бақсылар мен халықтың сенімінше, жындар адам бейнесінде болады.

Албасты - әйелдер босанғанда зиян келтіретін рух. Оларды жезтырнақ деп те атайды. Олардың басшысы - сөрелдің (биік ағаштардың басын мекендейтін мифтік тіршілік иесі) бойы 3 сажын, кеудесі қушық, қалған жерінің бәрі аяқ, тұяғы жіңішке.

Мұсылмандар аурудың атын жын деп те атайды. Ол шашын тарқатып жіберген бойжеткен қыз бейнесінде, емшектері салбырап тұрғандықтан, иығына салып жүреді.

Сөрел - пері кейбір ертегілерде албастының күйеуі, кей ертегі бойынша әрқилы бейнелерге ене алады. Қалың жыныс орманда тұрады, түрі адамға ұқсас, бірақ кеудесі тым ұзын, ағаштармен теңеседі. Адамды қытықтап өлтіреді, бұл - орыстың орман перісі...

Егер адам жорықта қаза болса, жасақ ауылға жақындағанда «ой бауырымдап» өлген адамның үйіне атақ қояды, мылтық атып, үйдің босағасын найзамен түйреп, қылышпен шабады.

Айналмақ деген, өзін-өзі садаққа, құрбандыққа қиятын ырым бар. Өзін біреудің жолында құрбан еттім деген адам оны үш рет айналады. Құсты ұстап, бастан үш рет айналдырып, еркіне жібереді. Бар ауру-сырқау, пәлекет сол құспен бірге кетеді. Адам осылай істеп, өзін рух ретінде сезінеді. Оларда жақсы көрген адамына «айналайын» деп айтады. Анасы баласына «Айналайын, қарағым, шырағым» деп тіл қатады.

Қырғыздардағы барлық көреген, сәуегейді бақсы дейді. Бақсылар сәуегейлігін өздерінің жындары атынан айтады. Бақсылар оларды мұсылман дініне ыңғайластырып, періште атайды. Ақиқат діндегі халық олардың киелілігіне сенбесе де, оларды жын деп атаса да, олардың күшіне, жамандық жасайтынына сенеді.

Демек, барлық ауру мен бақытсыздық - жындардың жамандығы. Ал олардың да бақсы жындарына өзі емдеген адамына жамандық жасамауды өтіне алады...

Жыны бар әйелдерді «елті» деп атайды, олар да бақсы.

Жауырыншылар қойдың жауырынымен бал ашады, құмалақшыларда, құмалақтар ретпен қойылады, олардың саны - қырық бір. Бұл екеуі жиі қолданылады. Құмалақпен бал ашуды Данияр пайғамбар қолданған деседі. Жауырынмен бал ашу - жауырынды отқа қыздырғанда оған түскен белгі - сызықшаға негізделеді. Бақсылардың айтуынша, жауырын жеті халықтың тағдырын, патшаларды өлімін, өлім-жітімді және саяхатшылардың тағдырын көрсете алады.

Бақсылардың арасындағы мықтылары - күйдірілмеген жауырынмен бал ашатындар. Жауырын бал ашуға пайдаланылады, пісірген соң еті желінеді, бірақ тіс сүйекке тимеуі керек, жауырынды отқа тастағанда, жанында темір жатпауға тиіс. Құмалақшының бал ашқаны мен оны жауырыншының түсіндіргені жайлы анекдот.

Елті, негізінен, отқа май тастап, жалынның түсіне қарап бал ашады. Егер оттың жалыны ашық түсте болса - жақсылықтың нышаны, ал оттың жалыны қарақошқыл және қызыл болса - жамандықтың нышаны. Елті бал ашқан кезде, одан жындары таңғажайып қылықтар жасауды талап етеді. Елті үнемі су ішеді, бір шелек ішіп қояды немесе аузын толтырып насыбай атады.

Ауа райын болжайтындарды есепші деп атайды. Олардың тұжырымынша, ауа райы айналмалы құбылыста. Олар альфа саратаннан бастап - есептейді, сәуір және зауза шоқжұлдызы, оның бірінші күні қарашаның бірінші күніне және қауыс шоқжұлдызына (тамыз) сәйкес келеді.

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 26 (109) 13 шілде 2011 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566