Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3931 0 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 18:12

Елбасы тапсырмасымен жұмыссыздықпен күрес жанданды

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің әл-аухатын көтеру, азаматтардың табысын арттыру үшін бар күшін салып жұмыс істеп келді. Оны бәріміз жақсы білеміз. 

Елбасының әр жылы Қазақстан халқына жолдайтын жолдаулары жайлы басынан бастап қайта айтып жатудың өзі артық. Оны әрбір қазақстандық жақсы біледі. Тіпті жыл сайынғы жолдауды асыға күтеді десек артық айтқандық емес.

Дәл осындай жолдауларының бірін Елбасы өткен жылы бесінші қазанда жолдады. Кезекті жолдаудың атауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталады. Бұл Жолдауында Елбасы ел үкіметіне, әр саладағы барлық басшыларға отандастарымыздың тұрмытық әл-ахуалын жоғарлату мақстында тынбай жұмыс істеу керек екенін айтты.

Осы жолдаудың бірінші тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталды. Бұнда Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың табысын арттыру үшін қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндіріп берді. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз деген нақты тапсырмасын жеткізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін", - деді Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Елбасының осы тапсырмасына орай өткен жылдан бастап еліміздің әр өңірінде жергілікті басшылар халықтың жалақсын көтеру бағытында тынбай жұмыс жасады. Әлі де осы мақсатта көптеген игі шаралар қолға алынуда.

Сөзіміздің дәлелі ретінде жақында ғана орын алаған мына үлгілі оқиғаны сөз етейік. Атап айтқанда, елдегі көшбасышы партия «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова өңірдегі азаматтардың арыз-тілектерін тыңдау үшін жеке қабылдау өткізді. Аталған жеке қабылау шілде айының жиырма екінші жұлдызынан бастап, Қызылорда қаласына қарасы барлық ауыл-аудан сынды елді мекендерде өтті.

Осы жолғы қоғамдық қабылдау алдын-ала белгіленген арнайы кестеге сай, алдымен Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұйымдастырылды.

Аталған қоғамдық қабылдауға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарымен бірге, облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов және облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов пен аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, Тереңөзек кентінің әкімі де арнайы келіп қатысты.

Кезекті қабылдауға бұл жолы он азамат келіп қатысыты. Олар өз көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды. Мәселен, ол сұрақтардың қатарында жұмыссыздық, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселесі және әлеуметтік қолдау саласындағы сұрақтар болды. Келушілердің көбі осы сұрақтарына мамандардан кеңес алып, мәселесін шешуге тиімді бағыт тапты.

Сөзіміз сұйық шықпас үшін бірер мысал келтіре кетейік. Қабылдауға келушілердің бірі Жанат Оспанның айтуынша, ол бес бірдей баламен жалдамалы пәтерде тұрып жатыр екен. Оның үстіне күйеуі жұмыссыз көрінеді. Ол партиядан өздеріне көмек көрсетуді сұрады. Бұл өтінішке орай, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жұмабек Ембергенов аталған азаматты жақын арада жұмыспен қамтыуға уәде берді.

Тағы бір кеңес алушының сұрағы да осымен қарайлас болды. Тереңөзектік тұрғын Нәзира Жақсылықованың айтуынша, төрт бала тәрбилеп отырған отбасының әлеуметтік жағдайы көңіл көншітерлік деңгейде емес. Күйеуі жұмыссыз болумен қатар, үйдегі екінші бала мүгедек. Осыған қарамастан арнаулы әлеуметтік көмектен игіліктене алмай отыр екен. Бұл өткіншіке сай, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов арызданушының күйеуін 60 мың теңге айлық жалқысы бар жұмысқа орналастыратынын айтты.

Бұдан бөлек те бірқатар тұрғынға көмек көрсетілді. Мәселен кейбіріне үйін жөндетуге қаржылай көмек берілді. Ал тағы біреулеріне жұмыс тауып беруге уәде етілді.

Сөз соңында, қабылдау барысында жұмыспен қамту сынды әлеуметтік мәселелердің тез арада шешім тапқанын айта кетуіміз керек. Қызылорда облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова қабылдау соңында тұрғындарға барлық мәселелердің жауапсыз қалмайтынын, әр мәселені өзі тікелей бақылауында ұстайтынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036