Сенбі, 23 Қараша 2024
2857 0 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 09:57

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ конгрессмендері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелері, сондай-ақ өңірдің күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

«АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық. Елдеріміздің өзара табысты іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Америкалық конгрессмендер Қ.Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, көздеген реформаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Конгрессмендер Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қайта қалпына келтіру ісіндегі бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығына баса назар аударды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445