Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2251 0 пікір 18 Шілде, 2011 сағат 06:06

Әлібек Бегдесенов. Түркіменстандық оралмандардың баспана мәселелері

Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін Түркіменстанда ұлттық азшылықтардың өз тарихи Отандарына қоныс аударуы белсенді басталды. Бұл процесс соңғы жылдарда жалпы білім беретін орта мектептердің жаппай түркімен тіліне көшуіне байланысты күшейе түсті. Жоғарғы оқу орындарында білім алу 2000 жылдың өзінен бастап-ақ түркімен тілінде жүргізіліп келеді. Ұлттық азшылықтардың өз ұлттық  мәнін сақтап қалуы үшін өз тарихи Отандарына қоныс аударуға мәжбүрлейді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін ала салысымен этникалық қазақтарды өз тарихи Отандарына қайтару бағдарламаларын белсенді жүзеге асыра бастады. Түркіменстандық қазақтардың басым көпшілігі осы мүмкіндікті пайдаланды. 1995 жылғы Түркіменстандағы халық санаға бойынша қазақтар саны 86987 адамды құрады. Осыдан кейін Түркіменстанда халық санағы жүргізілмеген. Қазақстанның көші-қон  органдарының мәліметіне жүгінсек, тәуелсіздік алғаннан кейін Түркіменстаннан 70 мыңдай қазақ көшіп келген. Осыған орай, қазіргі таңда Түркіменстандағы қазақтар саны 20 мыңдай адам құрайды. Осы 20 мың  қазақтың басым көпшілігі Қазақстанда жоғарғы оқу орындарын бітіріп, өз тарихи Отандарында қалуды ұйғарған балаларының артынан Түркіменстаннан көшуді жоспарлап отырған 50 ден асқан егде адамдар.

Басынан бастап түркіменстандық қазақтар үшін тарихи Отандарына оралудың екі жолы болған. Біріншісі, ҚР Үкіметінің квотасы арқылы шығу, екіншісі, халықтың еркін қоныс аударуы, яғни Қазақстанның ешқандай заңды негізде көмек көрсете алмайтын квотадан тыс көшуі. Оралмандардың квота арқылы көшуі оларға баспанамен қамтамасыз етуге, көшу шығындарының төленуі, тұрғылықты мекен-жай және дүние-мүлкін көшіруіне кепілдік беретін.

Бірақ 2004 жылдан бастап бұл жүйе өзгертілді: оралмандарға тек отбасының әрбір мүшесіне баспана алуға  100 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) көлемінде қаражат және жаңа тұрғылықты мекен жайға көшу шығындарының өтемақысы ғана берілетін болды. Менің шамалауымша,  мемлекеттің баспана беруден қаражылай субсидияға көшуінің себебі: біріншіден, жылжымайтын мүлік бағасының жоғарғы қарқынмен өсуі, екіншіден, пәтерлер мен үйлердің үлестірілуі кезіндегі жемқорлықтың өсу деңгейі,  үшіншіден, оралмандарға баспана үлестірілуіне тұрғылықты қазақтардың негативтік көзқарасы. Жаңа тәртіп оралмандардың баспана мәселесін шешу мүмкіндіктерін мүлде қиындатты. Қазір АЕК 1512 теңгені құрайды. Жай арифметикалық есептеу көрсеткендей төрт адамнан тұратын жай оралман отбасы 604 800 теңге немесе 4,1 мың доллар, оған қосымша  тұрғылықты мекен жайға көшу шығындарының өтемақысы.  Әлбетте, қаладан пәтер немесе ауылдық жерден үй сатып алуға бұл қаражат жеткіліксіз.

Оралмандар көшіп келіп жатқан елдерде жылжымайтын мүлік құны едәуір арзан екені құпия емес. Сондықтан субсидия мен баспана құны арасындағы айырмашылықты барлық қоныс аударушылар өз қаражатынан төлей алмайтыны анық. Түркіменстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге тиым салынғандықтан, Түркіменстандық оралмандар үшін бұл - үлкен проблема. Қазақстанға тұрғылықты мекен-жайға көшкен жағдайда қазақтар өз пәтерлерін мемлекетке тегін өткізіп кетулері тиіс. Баспанасын жекешелендірудің жалғыз жолы ол - 23.12.1993 жылғы қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушылардың құқын қорғау туралы Түркіменстан мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекетаралық Келісім. Үй-мүлікті жекешелендірудің басқа мүмкіндіктері болмағандықтан, Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақтар РФ азаматтарынан шақырту хат алып, баспаналарын жекеншелендіріп, нарықтық бағамен сатып, көшіп келді. Түркіменстан Қазақстанмен қоныс аударушылар құқығын қорғайтын осындай Келісім жасаудан бас тартқандықтан этникалық қазақтардың баспаналарын жекешелендірудің басқа жолы жоқ. Қазақстанға көшіп келгеннен кейін баспана сатып алуға  қаражат керек болғандықтан Түркіменстанда өз баспаналарын мемлекетке өткізіп кету мүмкін емес. Түркіменстанда басапаналарын жекешелендеріп сатудан кейінгі түскен қаражат Қазақстанға көшіп келгеннен кейін баспана сатып алуға жұмсалады.

18 жыл бойы қолданыста болған және қолданыстағы осы қоныс аударушылар құқықтарын қорғайтын Келісім арқылы барлық этникалық қазақтар өз басапаналар жекешелендіруде осы жүйені пайданап келеді. Соңғы уақытқа дейін осы жүйені қолдану түркімен басшылығынан ешқандай сөгіс алған жоқ. Бірақ қазіргі таңда түркіменстан басшылығы түркімен қазақтарынан Түркіменстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық келісім бойынша  баспаналарын жекешелендіруден бас тартуларына бар күшін салып отыр. Яғни, түркімен басшылығы үшін Қазақстанға көшер алдында этникалық қазақтар өз үй-мүліктерін мемлекетке тегін өткізіп кетулері қажет. Осы сөздерімнің дәлелі ретінде Қазақстанның бірқатар ақпарат құралдарында толық жарияланған менің әкем Бегдесенов Бисенғұлға қарсы ұйымдастырылған қылмыстық істі айтуға болады. Бегдесеновтың үстінен жүргізілген «Көрнекі процесс» және тағайындалған санкция Түркіменстандағы этникалық қазақтарды қорқыту мақсатында атқарылған іс-шара еді.

Осы мақалада Түркіменстандағы қазақтардың өз баспаналарын жекешелендірілуі туралы көтерілген мәселелердің барлығы Түркіменстанда осы күнге дейін тұрып жатқан және  Түркіменстанның жергілікті билігінен ұлттық қысым көріп отырған 20 мың этникалық қазақтарды көшіріп әкелуді ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркіменстан басшылары арасындағы келіссөздерде қоныс аударушылардың құықтарын қорғайтын Келісім туралы сұрақты жоғарғы дейгейде көтеруі керек. Қазір Ресей мен Қытайға түркімен газының экспорты Қазақстан территориясы арқылы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Қазақстан Түркіменстанның 50 студентіне жыл сайын оқу гранттарын бөліп отырады. Осы жағдайларды ескере отырып, Түркіменстанда тұрып жатқан және Қазақстанға көшуді жоспарлап отырған қазақтарға байланысты Түркіменстаннан достық жауапты талап ету артық болмас еді.

Әлібек Бегдесенов

Түркіменстаннан оралман

«Маклауд Диксон ЕЛП»

халықаралық заң фирмасының

заңгері

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566