Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2533 0 пікір 18 Шілде, 2011 сағат 12:44

БАМ: Автокөлік иелерін айыппұлды кезексіз төлеуге үйретеді.

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ

МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ

РЕСПУБЛИКИ  КАЗАХСТАН

010000, Астана қаласы,  Орынбор көш., № 8 үй,

тел.: +7(7172) 74-10-08, e-mail: mci@mci.gov.kz

 

 

010000 город Астана, ул. Орынбор, дом № 8,

тел.: +7(7172) 74-10-08, e-mail: mci@mci.gov.kz

___________________ № ___________________                                                                              _________________________________________

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ

МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ

РЕСПУБЛИКИ  КАЗАХСТАН

010000, Астана қаласы,  Орынбор көш., № 8 үй,

тел.: +7(7172) 74-10-08, e-mail: mci@mci.gov.kz

 

 

010000 город Астана, ул. Орынбор, дом № 8,

тел.: +7(7172) 74-10-08, e-mail: mci@mci.gov.kz

___________________ № ___________________                                                                              _________________________________________

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астана қ. 18 шілде 2011жыл

Автокөлік иелерін айыппұлды кезексіз төлеуге үйретеді.

18-22 шілде аралығында бір мезгілде Қазақстанның төрт қаласында (Астана, Алматы, Қарағанды  және Петропавл)  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ,  ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі  және «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ  ҚР Ішкі істер министрлігінің  қолдауымен  автокөлік иелеріне  айыппұлды кезексіз төлеуді үйрету акциясын өткізеді.  Акция барысында   ҚР ІІМ Жол полициясы  басқармасының  тіркеу-емтихан  бөлімдеріне келген автокөлік иелері ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұлды  Интернет арқылы төлеу мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, «электрондық үкімет» порталының көмегімен кезекте тұрмай-ақ, айыппұл төлеудің  жолдарымен танысады.

«Электрондық үкіметтің» ЖҚЕ бұзғаны үшін  жол полициясы қызметкерлері белгілеген айыппұлды төлеу қызметі өткен жылдың қараша айынан бастап еліміздің барлық аймағының тұрғындары үшін  қолжетімді.

Бүгінгі күні төлемнің аталған түрі бойынша www.egov.kz порталы арқылы бюджетке 1 250 000 астам теңге түсті.

Айыппұлды «онлайн» тәртібінде  төлеу үшін жүргізуші куәлігі не болмаса әкімшілік бұзушылық туралы хаттама мәліметтерін (бланк сериясы, нөмірі, ЖҚЕ бұзған күні) www.egov.kz порталындағы арнайы жолақта  көрсету қажет.

Айыппұлды Visa немесе Mastercard төлем карточкаларының көмегімен төлеуге болады. Электрондық төлемнің тиімділігі, бірінші кезекте, айыппұлдың өтелгені туралы ақпарат бірден  ІІМ Жол қозғалысы ережесін бұзу туралы орталықтандырылған деректер қорына келіп түседі. Осыдан кейін айыппұл өтелген болып есептеледі.

Айыппұлды өтегеннен кейін қолданушыға электрондық чек беріледі. Ол қолданушының электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде сақталады.

Қажет болған жағдайда не болмаса бұрын алып қойған  жүргізуші куәлігін қайтарып алу үшін  оны басып шығарып, ішкі істер органдарының жол полициясы бөліміне көрсете аласыз.

Жақын күндері «электрондық үкімет» порталында бейнебақылау жүйелерінде тіркелген ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік  айыппұлдарды «онлайн» төлеу қызметі ұсынылады.

ҚР БАМ Баспасөз қызметі

74-10-04, mci.press@mci.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564