Сенбі, 23 Қараша 2024
3221 0 пікір 13 Тамыз, 2019 сағат 13:16

Гонконгта он апта бойы наразылық акциясы өтіп жатыр

Гонконгте соңғы екі күн қатарынан жергілікті билік келісім берген шерулермен бірге рұқсат етілмеген наразылық акциялары да өтті. Оған қатысушылар қала әкімшілігін жауапқа тартуды және демонстранттарға полицияның күш қолдануын доғаруды талап етті.

Қаладағы халықаралық әуежайда "Гонконгке бостандық" ұранымен үш күндік наразылық жалғасып жатыр. Жексенбі күні полиция қаланың екі ауданында көшеге шыққан наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты.

Гонконгтің мыңдаған тұрғыны Пекин ұсынған "қылмысқа күдіктілерді Қытай, Макао және Тайпейге беру туралы" заң жобасына қарсылық шерулерін өткізіп жатқанына оныншы апта болды.

Биліктің пайымдауынша, бұл заң жобасы "Гонконгке қашып, бас сауғалайтын қылмыскерлердің" санын азайтады. Алайда наразылар "бұл заң қабылданса, Пекинді сынаушылар, Қытайдағы қысымнан қашып, Гонконгке келгендер, тіпті туристер зардап шегеді" деп санайды.

Пекин Гонконгтегі наразыларды "Қытайды ұнатпайтын" Батыс пен АҚШ-қолдап отыр деп айыптады.

Ұлыбритания Гонконгті 1997 жылы Қытайға қайтарып берген. Гонконг – Қытайдың ерекше әкімшілік аймағы болып саналады, бірақ онда "бір ел – екі жүйе" принципі қолданыста. Гонконгтің өз заңы бар, азаматтардың құқығы Қытаймен салыстырғанда жақсы қорғалады. Гонконг "қылмыскерлерді, я күдіктілерді экстрадициялау туралы" 20 елмен келісім жасасқан. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания бар. Ал Қытай мен Гонконг бұл келісімді 20 жылдан бері талқылап келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485