Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 19 Шілде, 2011 сағат 04:43

Ләззат Шағатай. Сектант қыздың сыры...

«Господи, ты моя жизнь!... «Есть ли у меня такая позиция? Богу я буду служить, а изменяться и читать Библию и молиться не буду....»

 

Соңы трагедиямен аяқталған қайғылы жағдай осыдан төрт жыл бұрын басталды, бұл өзін-өзі өлімге қиған христиан ұйымындағы қазақ қызының жеке күнделігінің алғашқы бетіндегі жазбалары еді. Ия, өмірден өткен адамның сырын жаюға да болмас, бірақ, өзім қатарлас жастардың бұлай адасып,  рухани жол тапқанын қаламаймын. Ажар қыздың аруағынан мың мәрте кешірім сұрай отырып, «адам неге сектадан шыға алмайды» деген сауалға  осы күнделіктегі жазбаларды зерттеу арқылы жауап бергім келді.

«Господи, ты моя жизнь!... «Есть ли у меня такая позиция? Богу я буду служить, а изменяться и читать Библию и молиться не буду....»

 

Соңы трагедиямен аяқталған қайғылы жағдай осыдан төрт жыл бұрын басталды, бұл өзін-өзі өлімге қиған христиан ұйымындағы қазақ қызының жеке күнделігінің алғашқы бетіндегі жазбалары еді. Ия, өмірден өткен адамның сырын жаюға да болмас, бірақ, өзім қатарлас жастардың бұлай адасып,  рухани жол тапқанын қаламаймын. Ажар қыздың аруағынан мың мәрте кешірім сұрай отырып, «адам неге сектадан шыға алмайды» деген сауалға  осы күнделіктегі жазбаларды зерттеу арқылы жауап бергім келді.

Ажар ол кезде небәрі 28 жаста болатын. Бұл  ұйымға келместен бұрын ол көп нәрсеге үмітпен қарады, биіктерге ғана ұмтылды.  Оның бала кезгі арманы үлкен белестерді бағындырсам дейтін. Заманның қиын тұсына тап келсе де, оның таңдағаны, заманауи ағылшын тілі  мамандығы еді. Өз белсенділігі, алғырлығының арқасында колледжді де, институтты да жақсыға тәмамдады. Мұғалім болып, артынан репититорлыққа ауысты, аудармашы да болды. Осылай біртіндеп, ойға алған мақсаттары жүзеге асып жатты. Тек, «әттеген-айы», ол - жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Ана алақанына зар, әке мейіріміне қат боп өскендігі жалғыздығын ұмыту үшін жат адамға жалтақтап, одан жылылық күтуге ұмтылуында еді. Тағдырының осы осал тұсы оны өз жолынан өмірлік сүріндіруге себеп болды. Ол білікті маман дәрежесінен көшеден ақша мен тамақ сұрайтын дәреже қалай жетті, назар аударыңыз...

Тастап кеткен ата-анасына өкпелі ол есейе келе  бар жылуды айналып келгенде бөтен шіркеуден, яғни, Оралдың қақ ортасында орын тепкен жат діннің санатына жататын «Благодаттан» тапты, мұнда өзін  біреуге керекпін деп сендірді. Алайда бәрі бекер еді, көрсоқыр арманы оны алдап, жардан біржолата құлатты... Неге, өйткені жаратылысынан мұсылман болғандығы бөтен сенімді, басқа діннің құдайын ұзақ уақыт жүрегіне қабылдай алмай, көп қиналды.

Ол құдайды танығысы, көргісі келді, оның мейіріміне бөленіп, дауысын естігісі келді... Бұл өзіндік ойы мен тәнінің қалауы болды, ал, ішкі жан-дүниесі, жүрегі, рухы не деді? Оны жазбасында жалғасқан мына жолдардан байқайсың... «...Мен өзімнің көпке дейін құдай жолындағы адам екеніме сенгім келмеді, маған шіркеуде «оқы» деп берген кітаптарын да оқымадым, тіпті, ашып та қарамадым. Өйткені, Иса...Иса жоқ...

...Керек десеңіз, Исаға бірнеше рет сенімсіздік арттым, оның өз балаларына қамқор болып, қолдайтынына да иланған емеспін. Ия, рас айтамын, бірақ.....мұным дұрыс па?»

Осылай деп өзіне қарсы сұрақ қояды да, мұнысына өкініш білдіріп былай дейді: «...Иса, менің одан әрі өмірім үшін үлкен күш пен қуатыңды берші! Өтінем, сенің жақсылығыңнан әлі де үміттімін, маған соңғы...  соңғы мүмкіндігінді берші...

...Маған бәрін ойлауға мүмкіндік беретін сана беруге көмектесші, жалынам...».

Қандай аянышты! Сөздеріне қарап, оның күн сайын іштей өшіп бара жатқанын сезесің. Тіпті, шіркеуге келіп, бағытынан да айрылып қалғандай ма дейсің: «...Құдайым, рухани әлемімде алдағы уақытта қалай жылжитынымды айқындау үшін маған бағытыңды көрсетші...»

Күнделігіне үңілсең, оның күн өткен сайын мінезінің тұйықталып, өзін-өзі кінәлауы жиілей түседі: «...Өз-өзімнен бүгін бірнеше рет жиіркендім....Бүгіндікке өзім туралы ең лас, ең жаман ойларды ғана еске түсірдім,-дейді де: ...О, Иса, маған енді қандай жоспар құрудасың, менімен бөлісші... Маған тағы не көрсетпексің, тағы қандай ойың бар, айтшы, өтінем....» деп налиды, жылайды. Алайда, бұл іштегі қорқынышын Құдайдан емес, өзімнен деп тоқтатады. Кейде өз әлсіздігінен күніне кем дегенде 3-4 адаммен ренжісетінін, тіпті, күнә екенін сезе тұра оларға ғайбат сөз айтатынын да жасырмаған.

Расымен, оқып отырып өзің бірге жылайсың, еріксіз! Себебі, ол мына ұйымға кіргелі өмірін құрдымға жіберді. Тәп-тәуір жұмысынан айырылды. Біреудің баласына күтуші болды, алайда, оған діни уағыз жүргізесің деп шығарып жіберді. Көршілері де одан аулақтады. Енді амалсыз көп жерлерде ыдыс жуушы, еден жуушы болып күнін көргендігін айтады. Солай бола тұра, қалтасындағы соңғы ақшасына дейін шіркеуге садақаға жұмсағанын жазады. Өйткені, ол шіркеу мен құдай арасындағы құпия мүгедектерге, әлсіздерге көмектесу деп түсінді, Құдай маған бәрін кері қайтарып береді, мұны сынақ деп қабылдайтынын да жасырмаған. Тіпті, қай күні қанша теңге жойғанын да екінші бір қойын дәптеріне түгелдей тізіп жазған. Оқысаң, денең түршігеді: «Бүгінгі табысым 500 теңге, оны «Благодаттағы» әйел аяғаннан берді, бұл табыстың 50 теңгесі - «десятинаға» (табыстың он пайызын беру шарт),  25т - шіркеуге садақа, 25т - пасторға садақа,  25т - жиналған қауымға садақа, 25т - мүгедек адамдарға садақа,  25т - миссионерлік қызметке садақа... 140 теңгеге алған қарызымды өтедім. Бұдан 185т қалды,  80т шіркеуге барып, үйге қайту үшін жолақыға,  35т картоп,  40т батон,   30т сабын алдым...» деп күндегісі дәл осылай  жалғасып кете береді. Шіркеуге беретін шығыны күн сайын өсе бергені жазбада айқын өрнектелген, жұмыссыз Ажарға қиын соқты.  Тіпті, бірнеше рет татарға нәр таппай, жүрген жерінде ұрлық жасағанын, біреулерді алдағанын айтып, құдайынан жүз мәрте кешірім де сұрағанын күнделігі дәлелдейді. Амалы құрығаннан өзгеге жаутаңдауы күшейеді: «...Мен осы аптаның кешінде бір әйелдің үйінде болдым. Онымен ұзақ әңгіме айттым. Кетерімде ол кешкі ас әзірлеп жатты, мен теледидар қарап отырсам да, қарным ашқаны сондай, маған да сорпа мен бір тілім  нан берсе екен деп күттім...

...Біздің пәтерде тұратын апай мені тамаққа шақыра ма деп ойладым, бірақ шақырмады...

...Мен көршімнен қарызға тағы да ақша сұрадым, бірақ ол осы жолымаған қатты ұрсып тастады, сондағы айтқаны «сен шіркеуге барғаннан бастап, барлық ақшаннан айырылдың, олар сені алдап жүр, оларға сен емес, сенің ақшаң керек»,-дейді

...Бүгінгі ойым енді қайдан жұмыс іздесем деп  ойландым...

...Кеше кешкісін жұмыс туралы ұмытып, басқа ойдың құшағына ендім...Несіне ойлаймын, бәрі менен бас тартады, ешкімге керек емеспін, тіпті Құдайға да? «Благодаттағы сестраларымнан» қашанға қарыз алам, ендігі оны қайтару мүмкін емес...О, Иса, қайдасың сен? Сенің барыңа тағы сенбеймін, егер болсаң сен мені тыңдар едің ғой, дауысымды, жалынып жылағанымды естір едің ғой...Қайдасың, ең болмаса, бүгін көрінші маған, расымен бар болсаң...»

Ұйымға келгелі Ажардың өмірі дәл осылай өзгеріп сала берді. Қанша жыл өтсе де, Құдайға сенбей өзін қинағанын ғана сезесің: «...Мен кеше таңертең төсегімнен тұруға ерініп, босқа уақыт өткіздім, тағы да өзім үшін құлшылық жасауға әрекеттенбедім.

...Кеше тағы да құдайға сыйынуды біліп тұрып, ұмыт қалдырдым...

...Бүгін бірнеше рет құлшылықтан да, басқа ауыр ойлардан да арылдым, Қасиетті рухтың алдында назарымды аударттым...

...Бұла аптада, яғни, бірінші, екінші... жексенбі деп аяқталып, қайта басталатын осы аптада құдай сөзін айтпадым, жеке құлшылықты жасамадым...мен нешенші апта құдайға жалбарыну рәсімін жасамағанымнан жаңылыстым...»

Ажар шіркеуге бармау керек екендігін білсе де, өзін тоқтата алмады. Сөйтті де, жат ағым оны тура жолдан осылай адастырды. Оны күнделігіне жаза берді, жаза берді.

Жас ару әркез өзін кінәлі сезініп, шіркеуге баруға лайықты емеспін деп шешті, күнделігіндегі соңғы жазбалар Құдай оны естімегенін, ал оның жүрегі Құдайға ашылмағанын жеткізеді. Не дәлел айтсақ та, өмірінің ең соңғы сәтіне дейін қазақ қызы Исаны мойындай алмағаны артында қалған қойын дәптерінде анық қолтаңба болып қалып қойды: «...Бүгін Құдай туралы емес, өзім туралы көп ойландым. Ойланып отырып көп абыржыдым...

...Шынын айтайын ба...Мен осынша уақыт өтсе де, мен Құдайды танығым келген жоқ. Оның мінезін білгім де келген жоқ, керек десеңіз мен оның сөздерінде оқығым келмеді, бірақ осының бәрі қалай болғанын өзім түсінбеймін...»

 

Қыздың күнделігінде айтып қаларлықтай ешқандай жақсы сөздер мүлде кездеспейді. Тек өмірден түңілу, өкіну, жылау мен қайғыру, өзін о дүниеге әзірлеу бар.

Міне, оқырман, көз алдыңда адамның тағдырының оп-оңай құрдымға кеткенінің сен де куәсі болдың. Өмірге құштар жанның дін жолына түстім дегеннен кейін қандай халге душар болғанына күйініш білдіріп отырған шығарсың?! Бөгде діннің, жат ағымның басты мақсаты - сауатты, қоғамға пайдалы жас азаматтардың ақылын улау, өздеріне тиын тебен болсада алдап пайда табу үшін қоғамнан алшақтату, сөйтіп біржола құрту. Осындай қыспаққа түскен адамның өлімнен басқасын ойлауы мүмкін емес еді. Ажар өзін ешкімге, асылы, Құдайға да керек санамады. Отыз екі ғана жасында сегізінші этаждағы үйінің балконынан секіріп ақыры ажал құшты, бұл Ажар қыздың өмірінің соңғы таңдауы, әрі шешімі болды. Өлімі жұмбақ болғанымен, себептері айқын еді. Оған куә - артында қалған қойын дәптері мен күнделігі.

Бұл осылай құрдымға кеткен бір адамның ғана тағдыры, ал көпшілігінен бейхабармыз.

Мақалада аруақтың сырын көпке жаюды емес, мақсатым осы арудың қателігін өзгелер қайталамасын деп, жоғарыдағы сұраққа дәлелді жауап болсын деп жаздым. Қандай да бір шешім, яки қорытынды шығарудан аулақпын, ой елегінен өткізіп, сараптама жасауды өздеріңізге қалдырдым. Сіз не дейсіз, оқырман?

 

«Я не хотела познавать Бога и узнавать Его характер и читать Слово Его....» бұл Ажардың күнделігіндегі соңғы жазу.

Ләззат Шағатай,

Орал қаласы

www.antisektazko.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583