Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 19 Шілде, 2011 сағат 09:25

Мұрат Әбенов, депутат. Қызылордалық полицейлердің «қызығы» бүлдіршіндер байқауы ма?

ІІМ Қ.Қасымовқа Қызылорда облысында бүлдіршіндер арасында ұйымдастырылған сән байқауы туралы хат

«Біздің сенген полициямыз бала қыздарымызды сахна төрінде - жұрт алдында шешіндіріп, купальникпен олардың дене, тән сұлулығын сарапқа салғаны, оған үлкендердің қазылық жасап, жүлделі орын белгілеп, әп-әдемі болғандары бала болашағына жасалған қиянат екені анық», - «Ақмешіт ақшамы» газеті.

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымовқа

Менің Сіздің атыңызға хат жазуымның негізі ішкі істер органдары тарапынан Қызылорда облысында бүлдіршіндер арасында ұйымдастырылған сән байқауы төңірегінде туындаған жағымсыз қоғамдық пікір болып отыр.

Атап айтқанда, маусым айында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында нашақорлықпен күрес шеңберінде 3-5 жастағы қыз балалар арасында сұлулық байқауы өтті. Осы конкурстың аясында бүлдіршіндердің суға түсетін киіммен «дефиле» жасауы жұртшылықтың қатты наразылығын туғызды. Бұл жастағы балалардың өздері шешім қабылдай алмайтындығы, тіпті өз беттерінше киініп, шешіне де алмайтындығы белгілі. Аталған байқау «Астана» телеканалында, «Халық сөзі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде, www.masa.kz, www.nur.kz интернет-ресурстарында жарықтандырылып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.

Осы мәселеге қатысты www.nur.kz порталы әлеуметтік сұрау жүргізді. Оған 2 күн ішінде 441 адам қатысып, өз пікірлерін білдірді. Сұрау қорытындысы бойынша оған қатысушылардың

- 76% бүлдіршіндер арасындағы осындай сән байқауларға тыйым салу керек деп жауап берсе,

- 4% елдегі барлық байқауларды алып тастау керек деп есептейді.

Хабарласқан Қызылорда облысының тұрғындары, телекөрермендер мен оқырмандар 95%-дан аса тұрғылықты ұлт өкілдері мекендейтін өңірде осындай іс-шараның өткізіліуі дәстүрге, әдет-ғұрыпқа қарсы және сәбилерді рухани аздыруға алып келеді деп пайымдайды.

Әсіресе, аталған шараны құқық қорғау органдарының ұйымдастыруы тұрғындардың наразылығын туғызуда.

«Біздің сенген полициямыз бала қыздарымызды сахна төрінде - жұрт алдында шешіндіріп, купальникпен олардың дене, тән сұлулығын сарапқа салғаны, оған үлкендердің қазылық жасап, жүлделі орын белгілеп, әп-әдемі болғандары бала болашағына жасалған қиянат екені анық», - деп жазады жергілікті «Ақмешіт ақшамы» газеті.

Тұрғындар осындай байқаулар нашақорлық деңгейін төмендетуден гөрі, балалардың психикасына, мінез-құлқына кері әсерін тигізеді деп қауіптенеді.

Сонымен қатар, соңғы кездері республика бойынша, әсіресе, дәстүрлі қазақи әдет-ғұрып сақталған өңірлерде ересектер тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттердің жиілеп кетуі тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда және бұл мәселе аса көңіл бөлуді талап етеді. Мысалы, жуырда Түркістан қаласында 4 жасар қызды зорлау жағдайы орын алса, өткен аптада сән конкурсы өткен Қызылорда қаласында да 6 жасар қызды зорлау фактісі тіркелді.

Осыған байланысты бірқатар сұрақтар туындауда. Олар:

1. Кішкентай қыз балалар арасында сән байқауын өткізу Министрлік тарапынан қалай рұқсат етілді және бұл шара алдын ала жоспарланған ба?

2. Шараның қаншалықты тәрбиелік мәні бар, нашақорлықпен күрес бойынша осындай шараны өткізуге 2-5 жастағы нысаналы топ қандай мақсатпен таңдалған және балалардың құқықтары бұзылмады ма?

3. Мемлекеттің ұйымдастырушылық қаржы ресурстары, оның ішінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бөлінген қаражат қаншалықты тиімді және мақсатты жұмсалды?

4. Аталған сән байқауының құқық қорғау органдары тарапынан ұйымдастырылуы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарықтандырылып, жұртшылықтың наразылығын туғызды. Осыған сәйкес Министрлік тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп, қалыптасқан жағдай бойынша талдау жасалды ма және оны ұйымдастырушыларға қатысты тәртіптік шара көрілді ма?

5. Соңғы кездері республикада ересектер тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттердің өршіп бара жатуына байланысты Министрлік тарапынан оған қарсы қандай пәрменді шаралар қабылдануда?

Құрметті Калмұханбет Нұрмұханбетұлы! Бұл мәселе бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды және нәтижесімен мені таныстыруды сұраймын.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында нашақорлықты алдын алу және ересектер тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде маған ақпарат беруді сұраймын.

Құрметпен, М. Әбенов

muratabenov.kz депутат Мұрат Әбеновтің блогы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578