Сенбі, 23 Қараша 2024
Әкім мен халық 3650 1 пікір 17 Тамыз, 2019 сағат 12:58

Шымкентте қоғамдық көлік мәселесі қашан шешіледі?

Мегаполис атанған Шымкентте біраз уақыт бұрын муниципалды автобус паркі ашылған болатын. Ұзақ жылдар бойы тұрғындарды мазалап келген қоғамдық көлік мәселесін осылай оң шешімін таба бастаған еді.

Қазіргі әкімдік өкілдері қала автопаркіндегі автобустар қажеттілікті толық қамтамасыз етеді деп отыр.

Алайда, Шымкент қаласына қосылған елдімекендерде автобус мәселесі әлі толық шешім таппаған.

Әбдірахымовтың тұсында  қалаға Қазақстанда құрастырылған 300 жаңа автобус жеткізілген болатын. Салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған жаңа көліктер шаһардың орталық көшелеріндегі ескі автобустардың орнын ауыстырудан ары асқан жоқ.

Қалаға қарасты Көкбұлақ, Игілік шағынауданы тұрғындары қоғамдық көлік жырын көптен айтып келеді. Көкбұлақ шағынауданының тұрғыны Бибісара Балашованың айтуынша, 5 жылдан бері елдімекеннен қалаға қатынау мұң болған. Шағын автобусқа сыймай қалып қойғандар таксимен қатынайды екен. Енді міне, жаңа автобус жүріп, мәселелері оңды шешіліпті.

Ал, қала тұрғыны Мейрамгүл Насырова Жаңаталап ауылы арқылы жүріп өтетін бұл автобусқа қала ішінен мінетін жолаушылар көп екендігін алға тартады. Олар осы ауылға да басқа бағыттағы автобус қатынаса, аялдамалар орнатылса деп отыр.

Бүгінде қала іргесіне қатынайтын автобустың жиілігі 5-10 минут аралығында. Әзірге он шақтысы қатынауда.

Осы ретте мегаполис мәртебесі берілген Шымкент қалалық мәслихаты қала тұрғындарының қоғамдық көліктен қиындық көріп отырғанын біле ме, білмей ме деген заңды сауал туады. Әр ауданнан сайланған депутаттар өз ауданында тұратын тұрғындардың мұң-мұқтажын жергілікті биліктің назарына ұсынып отыру тиіс. Алайда, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық көлік мәселесі көрмей отырған сыңайлы.

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454