Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 7472 0 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 10:38

«Ұлы Абайдың ізімен...» атты экспедиция жолға шықты

Елорда әкімдігінің «Руханият» КММ ұйымдастыруымен «Ұлы Абайдың ізімен...» атты экспедиция жолға шықты.

Рухани сапардың мақсаты – Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен өзектілігін жан-жақты дəріптеу.

Абай Құнанбайұлының жүріп өткен жерлері арқылы Ұлы ақынның мол мұрасын елге паш ету. Өлкетану жұмыстарын жандандыруға атсалысу. Ұлы даланың рухани қазыналарын насихаттау арқылы халықты тұтастыққа, бірлікке шақыру.

16-19 тамыз аралығында бір топ тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, абайтанушылар мен журналист-блогерден құралған экспедиция Нұр-Сұлтаннан бастап Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытымен жүріп өтпек.

-Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай «Руханият» орталығы данышпан бабамыз дүниеге келген осы тамыз айында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып келеді. «Адамзаттың Абайы» атты фестиваль аясында 8-31 тамыз аралығында бірқатар шаралар өтеді деп жоспарланған. Соның бірі – «Ұлы Абайдың ізімен...» атты рухани сапар. Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық иммунитетті көтеріп, жастардың санасына үлгі тұтар тұлғаны қалыптастыру және ең бастысы ұлттық болмысты жаңғыртуда мұндай бірегей шаралардың қолға алынғаны еліміз үшін пайдалы, - дейді «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452