Сенбі, 23 Қараша 2024
Біздің шенеунік 7334 47 пікір 20 Тамыз, 2019 сағат 15:32

Аудан әкімі пара алып сотталса да, Архимед отставкаға кетпейді

Жемқорлық деген індеттің тамырының терең екендігін, онымен күрес шын мәнінде мемлекеттің тәуелсіздігі мен болашағы үшін күрес екендігін бүгіндері барша жұрт түсінеді. Билік те қолынан келгенше одан арылу жолында батыл шаралар қабылдап та жатыр. Тиімді-тиімді деген әдістер мен тәсілдерді де саралауда. Соның бірі де болса бірігейі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егер өз қарамағандағылар жемқорлық қылмысқа ұрынса, онда сол мемлекеттік органның бірінші басшысы отставкаға кетуге өтініш беруге міндетті. Ол қабылдана ма, жоқ па, оны мемлекет басшысы шешеді» деп қадап айтуы да осындай амалсыздықтан туындаған еді.

Еліміздің басшысы айтқан сөз қағида есебінде қабылдануы тиіс екендігін қайта-қайта еске салып жатудың өзі артық секілді. Алайда дәл осы қарапайым қағиданы онша құлаққа ілмейтін басшылар да табылып жатыр. Солардың бірі - біздің облыстың әкімі Архимед Мұқанбетов.

Өкінішке қарай, Тоқаев ескерткен жағдай біздің облыста бой көрсетіп қалды. Алдымен осындағы Федоров ауданы әкімінің орынбасары парамен ұсталып, абақтыға айдалып кетті. Оның ізін ала бере Әуликөл ауданынының әкімі Асхат Қисықов деген азамат «тендерге көмектесемін» деп мектеп құрылысын жүргізетін кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалап, қолға түсті. Көп бұлталақтамай, ұрлығын мойындады. Көп ұзамай сот отырысы өтіп, жемқор басшы 2,5 жылға жылға кесіліп, абақтыға қамалды. Бұдан ары қарай не болды дейсіздер ғой. Ештеңе де. Осынау қолайсыз оқиға бізде емес, бейне бір өзге өңірде болғандай ешкім ештеңе деп тіс жарған жоқ. Ол баспасөз бетінде жазылып қоймаған соң, әкіміміз өз инстаграмында:  «Әрине, мен бұған қатты ренжіп отырмын. (Орысшасы «Конечно, я расстроен», қазақшасы дәл аударылмаса, ғапу өтінемін). Сот шешім шығармай тұрып, қандай да  түсінік беруден тартына тұрамын» деп жазды. Бары осы ғана.

Алайда осындағы «Наша газета» деген басылымның журналистері: «Енді сіз отсавкаға кетесіз бе? Ал жалпы, қарамағындағылар парамен ұсталған басшыға қандай шара қолдануға лайықты?» деп қақылдап қоймаған соң, Архимедтің амалсыз жауап беруіне тура келді. Жауабын тыңдалық. Бұл да бір қызықты хикая.

- Қисықовтың қылмысы адамдардың билік органдарына деген сеніміне дақ түсіріп, мемлекеттік қызметтің беделіне үлкен нұқсан келтірді. Ал қарамағындағылар парамен ұсталған басшының отставкаға кетуі туралы ұсыныс заңмен реттелмеген. Егер заңнамаға осындай өзгеріс енгізілсе, оны еліміздің әрбір азаматы орындауы тиісті, - деген қорытындыға келіпті.

Енді біз бұдан не ұқтық? Әрине, Тоқаевтың ұсынысы заңмен реттелмегені рас. Сондықтан оны орындау-орындамау әркімнің өз шаруасы. Біз қандай да бірінші башсы қарамағандығалардың барлығының не істеп, не қойғандығын біліп отыра алмайтындығын бек түсінеміз. Тіпті мұның өзі әділетсіздеу шешім екендігін де мойындаймыз. Архимедті де орынсыз жазғырудан аулақпыз. Облысымызға сіңірген зор еңбегін де жоққа шығара алмаймыз. Жас та болса іскер әрі қабілдетті басшы екендігі тағы да рас. Біз кейде сынап жатсақ, мұндай мәселелер асқынып кетіп, халықтың ашу-ызасын тудырмасын деген игі тілектен туған еді. Біз айтпасақ, осындағы сол әкімге тікелей бағынышты, болмаса жергілікті бюджеттен қаржыландыралатын баспасөздің ешқайсысының да күрделі проблемаларды қозғамайтындығы анық. Ол үшін де кінәламаймыз.

Біздің айтпағымыз бөтен еді. Біздің ойымызша, өзі іріктеп, таңдап жүріп қойған адамының парақорлыққы ұрынуы сол басшыға ешқашан да абырой әпермейді. Ондайлардың қылмысы үшін басшының қашанда жауапты болатындығы анық. Ал енді сол басшыға өте қатаң шара қолданбаса, қарамағандығылар мүлдем дандайсып, шеткен шығып кетері сөзсіз. Жемқорлық деген сырқат мемлекетті меңдеп алса, оның жазылуы екіталай. Міне, сондықтан да барлық өркениетті елдерде жемқорлық басты жау санап, оған жазаны осы тұрғыдан тағайындайды. Тоқаевтың «бірінші басшы отставка кетуге өтініш беруге міндетті» деп нығыздап айтуы да сондықтан. Егер Президент қай нәрсені де міндеттеп тұрса, «жоқ, ол заңда көрсетілмеген» деп бұл тапсырмаға жеңіл-желпі қараса, онда мемлекетте қандай тәртіп қалыптасады? Әркім өзі істеген нәрсені мойнымен көтеруі керек. Заңның сыртында басшылардың моральдық-этикалық нормасы деген «заңда жазылмаған» қағидалары болады. Ол--өз қателіктеріңді мойындай білу мен соларды келешекте болдырмаудың жолын іздеу. Бір әттеген-айы Архимедтің парақор әкімнің қылығы үшін «ағайын, менің бұл іске қатысымы жоқ. Алайда менен де кемшілік кеткен болар» деп халық алдынада ағынан жарылуға жарамағаны болды. Олай етудің орнына ол әлгі парақор әкімді «мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, екі ауданда әкімнің орынбасары болып істеген, «А» корпусында кадрлық резервте тұрғанә деп мақтауын әбден жеткізіп жатыр. Бұл мінездемеге қарағанда әлгі Қисықовқа жаза емес, награда берген мақұл болар.

Айтпақшы, Президент Тоқаев күні кеше ғана Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдағанда қарамағандағылар парамен ұсталған бірінші басшылардың отставкаға кетуі жөнінідегі институт енгізуді тағы да қадап айтты.

Жайберген Болатов

Abai.kz

47 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415