"Коммерсантъ" пен РБК мәліметіне қарағанда, былтыр қараша айында ресейлік шекарашылар тарабынан Керч түбегінде ұсталған украин теңіз әскерлері осы айдың аяғына дейін босатылады.
21 тамызда Мәскеу қалалық соты олардың қамау мерзімін қазан айының соңына дейін ұзартқан. 16 тамызда сот украин әскерлерінің қамалуын заңды деп таныған.
"Интерфакс" агенттігінің мәліметіне қарағанда, бұдан тысқары Киевке Ресейде түрлі қылмыстармен айыпталып сотталған бес украин азаматы (Владимир Балух, Станислав Клых, Александр Кольченко, Павел Гриб және Николай Карпюк) қалған жаза мерзімін Украинада өтеу шартымен берілуі мүмкін.
"Коммерсантъ" мәліметінше, Мәскеуге "РИА Новости — Украина" агенттігінің бас редакторы Кирилл Вышинский берілуі мүмкін. Киевте ол мемлекетке тыңшылық жасады деп айыпталып жатыр.
Украина Ресейде 150 азаматының заңсыз қамалып отыр деп есептейді. Олардың арасында танымалдары — терроризм айыбы бойынша сотталған режиссёр Олег Сенцов, шешен жікшілдерінің құрамында соғысты деп айыпталған Николай Карпюк пен Станислав Клых және орыс шекарашылары тарабынан ұсталған теңіз әскерилері.
Abai.kz