Қызылордаға жаңадан 140 автобус алынады
Қазіргі күні Сырдың бас шаһарында қалаішілік (25 бағытта) және қала маңына қатынайтын (6 бағытта) барлығы 758 қоғамдық тұрғындарға қызмет көрсетуде. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 140 дана автобус алуға бюджеттік өтінім жолданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. .
Бүгінгі таңда қаладағы автобустардың 112-сі үлкен сыйымдылықта болса, орта сыйымдылықтағысы – 304 және кіші сыйымдылықтағысы 342-ні құрайды.
Осыдан екі жыл бұрын облыс орталығында жалпы аумағы 5 гектар жерге сыйымдылығы 200 заманауи автобусқа арналған жаңа үлгідегі автобус паркі салынған болатын. Аталған серіктестік 400 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жаңа үлгідегі автобустардың барлығында бейнекамера мен GPS қондырғылары орнатылған және оларда жоспарға сәйкес билеттік жүйе енгізілген.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің қызмет сапасын жақсарту мақсатында қала тұрғындары «WhatsApp» мессенджері мен «Фейсбук» парақшасы іске қосылған. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының әкімдігі мен бөлімге келіп түскен арыз-шағымдар, хабарламалар мен ұсыныс ескертпелерді ескере отырып, қызмет көрсетуші тарапынан талаптарды орындамаған жағдайда, ескерту жұмыстары жүргізіліп, қатаң шаралар қабылдануда.
Abai.kz