Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5241 17 пікір 23 Тамыз, 2019 сағат 13:21

Ректорлардың бюрократтықтары сұмдық

"НұрОтанның" кеңейтілген жиынында экс-президент Назарбаев ұлттық және мемлекеттік университет ректорлары туралы дұрыс айтты. Негізі, олардың бәрін бұрын өзі тағайындаған еді ғой. Бірақ, соған қарамастан айтқан сыны да, сөгісі де өте орынды.

Жұрттың бәрі "екі сиырды" жырлай бермей ректорлар мәселесіне де назар аударғандары жөн. Себебі, шынымен де мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырған ұлттық университеттерді алды он, соңы жиырма жыл басқарып отырған ректорлар былыққа батырды. Назарбаев айтса айтқандай. Олар маңайына сапалы білім беретін профессорлардан гөрі ақша жасауға шебер, пысықай коммерсанттарды жинап алып, жағымпаздықтың туын көтеріп сыбайлас жемқорлықтың көрігін қыздырып отыр.

Ректор дегендер қазір қаптаған оққағарлары бар, есігін аңдыған бірнеше көмекшілері бар білім беретіндерден гөрі күшеніп түк бітірмейтін абажадай аппараты бар, сұмдық кірпияз патшаға айналған. Бюрократтықтары сұмдық. Ғылыми кеңесті қол астындағы құл-құтанға айналдырып жіберген. Коммерциялық бөлімдердің оқу ақысын миллионға апарып тіреп қойған. Бірақ, беріп жатқан білімінің сапасы сын көтермейді.

Біздің ұлттық университеттердің дипломдары әлем елдерінің ешбірінде мойындалмайды. Себебі, берген білімдерінің практикада өзін ақтамайтындығын бәрі біледі. Оқытушыларды конкурс арқылы қабылдаймыз дейді. Онысы өтірік. Ректор өз жерлестері мен ақша жасайтын сыбайластарын ғана маңайына топтастырады. Оқу процесіне бақылау жасалмайды. Соның салдарынан жас ғалымдар, білікті мамандар шетелге кетіп жатыр. Дайындап жатқан "өнімдері" - бакалавриат - полуфабрикат, магистратура - халтура, докторантура - далбаса!

Қысқасы, Назарбаев айтқандай ұлттық және мемлекеттік университеттердің барлық ректорларын жаңа оқу жылы басталмай тұрып, лауазымдарынан босату керек.

Қуандық Шамахайұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341