Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Алаң 5699 9 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 13:06

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етудің жолы...

Немесе  №2 үндеуде келтірілген
ұсыныстардың үлкейтілген есебі.

Бұл мәселе Су ресурстары Комитеті тарапынан бүге-шүгесіне дейін 2017 жылы дайындалған болатын. Бұл ұсыныс 2017 жылдың қараша айында үкімет тарапынан қолдау тапты. 2017 жылы 24 қараша күні болған Парламенттік тыңдауда, сол кездегі вице-премьер, ауыл шаруашылық министрі Мырзаахметов А.И ұсынысты баяндаған болатын. Нығматуллин Н.З. өз сөзінде біздің ұсынысты толығымен қолдады. Барлық басқа да сөз сөйлеушілер, соның ішінде «Азия даму Банкінің» регионалдық директоры да ұсынысты толығымен қолдады.

Өкінішке орай, ол ұсыныс күні бүгінге дейін іске аспай, ескі жүйе бойынша жұмыс жалғасуда. Сол кезде индустриалдық инновациялық даму министрлігі бұл мәселені толық шешуге 700 млрд.тенгеге  жуық қаржы керек деген болса, бүгінгі таңда ол қаржы 1 триллион 680 млрд.теңгеге дейін өсіп жатыр.

Біз сол кезде бұл мәселені бюджет қаржысына пайдаланбай, «Қазсушар мемлекеттік мекемесіне» сырттан несие қаржы ала отырып, 383,8 млрд.теңге жұмсап 3 жыл ішінде шешуді ұсынған болатынбыз. Несиені 15 жыл ішінде тариф арқылы немесе 5 жыл ішінде бюджет арқылы қайтару ұсынылған болатын.

Біздің ұсынысымыз күні бүгінге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. №2 үндеуде 320 млрд.теңге көрсетілген, оның себебі 2018-2019 жылдары өкімет 200 млрд.теңге  жұмсай отырып біздің есебімізді 63,8 млрд. теңгеге  азайтқан шығар деп есептедік.

ІІ. Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу

2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында Арнасай дамбасын үстіндегі 38,0 км автомобиль жолымен салып бітірді. Барлық құрлыс материалдары 290 км қашықтықтан тасып әкелінді. Осы жаңа жолдың құрылысы  2,2 млрд.теңге болды, сонда 1км жолға 57,9 млн теңге жұмсалып отыр.

Индустриалды-инновациялық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайын 200 миллиард теңге бөле отырып 7 жылда 1,4 триллион теңге қаржы жұмсап 5000 км жергілікті автомобиль жолдарын жөндеуден өткізуд жоспарлап отыр, жаңа жол емес жөндеу. Бір километрге шыққанда  280 миллион теңгеден келіп отыр, өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер.

ІІІ. Тұрғын үй құрылысы.

1. Кіші қалаларда барлық бос тұрған пәтерлерді қалпына елтіру.

2. Кіші қалалардағы барлық инфрақұрлымдарды жөндеуден өткізу.

3. Барлық мектеп, балабақша, медицина және басқа мәдени әлеуметтік   нысандарды жөндеуден өткізу.

4. Әр қаладан ондаған экспортқа бағытталған өндіріс орындарын ашу.

5. Қала тұрғындарына әлеуметтік төлемдерге және айлық табысқа қосымша  бюджеттен үстем ақы төлеуді қарастыру.

Егер біз жоғарыдығы ұсыныстарды іске асырсақ Алматы, Астана қалаларында үй кезегінде тұрған тұрған адамдардың қызығушылығын туғызады және кіші қаладағы адамдардың үлкен қалаларға көшу үрдісін  тоқтатады.

Егер біз бұл тірлікті жасамайтын болсақ бюджет шығындары анағұрлым көп болатындығы сөзсіз. Себебі үлкен қалаларда көшіп келетіндердің барлығына, үлкен қалалардан үй салуға тура келеді. Сонымен бірге мектеп, бала-бақша, тағы басқа да әлеуметтік нысандар салуға тура келеді. Кіші қалаларда бұл нысандардың барлығы да бар. Оларды қалпына келтіруге анағұрлым аз шығын жұмсалатыны сөзсіз.

Кіші, моно қалаларда ең көп болғанда 40-50 мың адамдарды  жайғастырумыз мүмкін, сондықтан бізге жаңа үйлер салуға тура келеді.

Индустриалды-инновациялық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес. салынатын тұрғын үйлердің 1м2 құны Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 180,0 мың теңге, басқа қаларда 150 мың теңге.

Сол сайтта мынадай мысал келтіріледі. Егер кезекте тұрған көп балалы отбасы 8 миллион теңгеге пәтер алатын болса онда ай сайынғы төлем 42 мың теңгеден келеді. Әрине бұл жақсы, төлемнің мөлшері аз.

Енді бұл мәселеге басқа қырынан қарайық. 8 миллион теңгені 180 мың теңгеге бөлсек, пәтердің жалпы көлемі 45м2 болады.

Балаларының саны 4 баладан кем емес отбасы көпбалалы деп саналады. Олай болса адам басына 7,5 м2 аспайды.

Пәтердің жалпы ауданынан асхана, дәретханаға, дәлізге 15м2 алып тастасаңыз 30м2 қалады. Әке-шешесіне – 1 бөлме, ұлдарға – 1 бөлме,  қыздарға – 1 бөлме , барлығы – 3 бөлме  қажет болады, сонда олардың  әрқайсысы бар болғаны 10м2-тан ғана болады екен. Егер әр бөлмеде 2 адам болатынын ескерсек, онда әрқайсына 5м2 келеді екен. Мысалы мен отырған түрме (138 қапас ) адам басына 3,5м2 келеді.

Бұдан шығатын қортынды, бұл мәселені шешу емес, өз-өзімізді алдау болып  табылады. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына енуге талпынып отыр, олай  болса адам басына шаққанда, жалпы 15м2 кем болмауға тиіс.

Осыған байланысты ауданы 100м2 болатын жеке үйді салуға кететін шығынды қарастырамыз:

Құрылыс материалдары  –  3,8  млн.теңге

Жұмысы – 1,7  млн.теңге

Барлығы –  5,5 млн.теңге

1 м2 55,0 мың теңгеден түсіп отыр. Біз барлық есепті нарықтық бағамен  жасап отырмыз. Министирліктің ұсынып отырған бағасына қарағанда, біздің  ұсынысымыздың 3 есе арзан екендігі көрініп тұр

Бұл есепті кез келген  сауатты адам тексере алады және ол әр аумаққа байланысты 10-12 пайыз өзгеруі мүмкін. Егер жергілікті материалдарды пайдаланатын болса шығынды тағы да азайтуға болады.

Жоғарыдағы жазылғандарды саралай келе, үй кезегінде тұрғандар үшін үлкен қалаларда көп қабатты үйлер салудың қажеті жоқ деп санаймыз.

Біріншіден үлкен қалаларда үй салуға болатын жерлердің көпшілігі жекеменшікте, оны сатып алу керек. Бұл әрине үйдің құнын қымбаттауға әкеліп соғады.

Екіншіден қаладағы инфрақұрлымды, әлеуметтік нысандарға түсетін жүктеме көбейе түседі. Ал оларды қайта құрылымдап жаңадан салу, ауылды жерлерге қарағанда едәуір қымбатқа түседі.

Кезекте тұрған отбасыларға жаңа үйлерді қайдан салу керек?

Кезекте тұрған адамдардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс орталықтарында. Шамалы бөлігі облыстық маңызы бар шағын қалалар мен аудан орталықтарында болуы мүмкін.

Әрине шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы сұранысты сол орнында қанағаттандырған дұрыс екендігіне дау жоқ.

Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында, сол қалалардың маңында 20-25 километр қашықтықта, үлкен автомобиль жолдарының бойына жаңа жерлерге орналастырған дұрыс деп санаймыз. Әрине керекті инфрақұрлымның барлығы да салынуға тиіс. Бұған өз алдында бюджеттен бөлек қаржы да қарастырылған.

Ең маңыздысы салынатын елді мекендердің жанынан эспортқа бейімделген кәсіпорындар ашып жұмыспен қамту мәселесін шешу керек.

Елді мекендердің сыртқы келбеті тартымды және әркелкі болуы үшін әр аумақта 200-ге жуық үйлердің жобаларын, барлық құжаттарымен дайындап алу керек.

Кезекте тұрғындарға дайын үйлерді емес, үй салынатын 10 соток учаскелерді бөліп беру керек. Әрбір отбасы өзіне керекті үйді дайын тұрған 200 жобаның ішінен ұнағанын таңдап алуы керек. Әрине көлемі тиісті мөлшерден аспауы шарт, ал қосымшаны өз есебінен жасауына болады.

Бір қабатты жер үй болғаннан кейін, оның үстіне жобасы дайын болса, көпшілік мүмкіншілігі бар адамдар үйлерін өздері салып алуға тырысады. Мұндай әрекетті барынша қолдауымыз керек. Сонда мемлекет тек құрлыс материалдарына ғана шығын жұмсайды.

Әкімшіліктің жанында жеке үй салушыларға қызмет көрсететін инженерлік топ құру қажет.

Әкімшілік бизнес өкілдерімен бірлесе отырып құрлыс материлдарының бағасын, механизмдер мен көліктердің қызмет ақысын шектейтін меморандумдар жасауы керек деп ойлаймыз.

Бұл жерде көп нәрсе жұмысты ұйымдастыруға байланысты. Егер әкімшілік мәселені терең зерттеп, соған үлкен мән беріп айналысатын болса, құрлыстың құнын төмендетуге, өз үйлерін салатын адамдардың жұмысын жеңілдетуге өте көп мүмкіншілікер бар. Әрине өздері салуға мүмкіншілігі жоқ адамдарға, құрлыс компаниялары арқылы салып беру керек.

ГАСК салынатын үйлердің каркасын шатырын, сыртқы келбетін, өрт қауіпсіздігін қадағаласа жеткілікті.

Ең маңызды мәселе алғашқы төлем және табыс көзін дәлелдеу мәселесі.

Қәзіргі шарттар бойынша пәтер алатын адамнан алғашқы төлем төлеу және кейін несиемен есептесу үшін  табыс көзін дәлелдеу шарттары бар.

Осы 2 шарт көптеген адамдарды өте қатты қинайды, сондықтан көпшілігі  оны орындай алмайды.

Мысалы үшін 8 миллион теңгеге пәтер алатын болса ең аз дегенде 800,0 мың теңге алғашқы төлем төленуі керек. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен отбасы үшін оңай емес.

Сондықтан бұл 2 шартты да алып тастау керек. Салынған үй қашан құны толық төленгенше мемлекттің меншігінде қалады.

Үйдің құны арзан болғандықтан, оның құнын төлеп шығуды 5 жылдан асырмау керек.

Өз үйіне кіріп алған адам, жалдамалы пәтерге төлейтін қаражатын үйдің құнын төлеуге жұмсағанның өзінде 5 жыл ішінде жылдық өсім 2-3  пайыз болса да, қиналмай төлеу мүмкіншілігі туады. 5 жылдан асатын болса 15-16 пайызға дейін көтеріп қойылатын болса, барлық адам 5 жылдан асырмай сатып алуға мүдделі болады. Мұның өзі қайтарылған ақшаны пайдалануға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарын ашу, елді мекеннің сыртқы көрінісі, инфрақұрылым, жол-көлік  мәселелері, коммуналдық қызмет, елді мекеменің болашақ дамуы, болашақ өсетін жастарды үймен қамтамасыз ету, елді мекенді салатын жерді таңдау, көгалдандыру, құрылыс материалдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды салу мұның барлығы маңызды мәселелер.

Бұл сұрақтардың барлығына бастамашыл топтың жауаптары дайын. Үкімет тарапынан  біздің  ұсыныстарымызға қызығушылық білдірсе біз бөлісуге дайынбыз.

Ислам Әбіш

Бастамашыл топтың жетекшісі

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063