Жаңа санкциялар туралы елдің Федералдық реестрлер сайтына жарияланған мәлімдемесінде АҚШ халықаралық қаржы ұйымдарынан Ресейге несие, қаржылық және техникалық жәрдем бермеуі керектігін талап еткен.
Жаңа санкцияларға сәйкес, АҚШ-тың барлық банктері орыс үкіметіне азық-түлік және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудан басқа мақсаттар үшін несие бере алмайды.
Мұнан бөлек америкалық банктер мен жеке инвесторлардың бастапқы нарықта Ресей мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алуға тыйым салынады. Бұл тыйым санкциялар енгізілгеннен кейін шығарылған бағалы қағаздарға ғана тиесілі болады.
АҚШ «Скрипалдардың ісіне» байланысты Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды өткен жылы 22 тамызда енгізген. Олар Ұлыбританияның аймағында бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына байланысты енгізілген. Бұл оқиға АҚШ және Ұлыбритания билігі тарабынан басқа өлкенің аумағында биологиялық және химиялық қару қолдануы ретінде бағалаған.
Санкциялардың бірінші кезеңінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік күшіне тиесілі тауарларды және технологияларды, сол секілді электроника, авиация және мұнай-газ саласында қолданатын жабдықтарды Ресейге экспорттауға тыйым салынған.
Мұнан бөлек америкалық әуежайлардың ресейлік әуе компаниялармен жұмыс істеуіне тыйым салу, ресейлік банктерді халықаралық төлем системаларынан шығару жайы да талқыланған. Бірақ бұл идеялар жүзеге аспады.
Abai.kz