Жұма, 22 Қараша 2024
5924 1 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 17:04

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

Мемлекет басшысы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Қаулыға қол қойды.Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

2020 жылы  Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Әбу  Насыр әл-Фарабидің    1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Мемлекеттік комиссия:

1) Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                   Қ.Тоқаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276