Сенбі, 23 Қараша 2024
6959 5 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:36

Жаңаөзендіктер Қазақстанда қытай зауыттарының салынуына қарсы шықты

2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзге жуық қала тұрғыны әкімдік маңына жиналып, Қазақстан билігінің Қытаймен бірігіп, ел территориясында өндіріс, құрылыс, ет пен дақылдар өңдеу және басқа шаруашылық салалары бойынша 55 зауыт салу туралы шешіміне қарсылық білдірді.

Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады.

Жиналғандар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 11-12 қыркүйекте Қытайға жоспарланған ресми сапарынан бас тартуды талап етті. Әкімдік алдына келгендер биліктен не үшін Қытайдан қарыз алғанын түсіндіруді сұрады.

Наразыларға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов шығып, халықты басуға тырысты. Бірақ жиналғандар оның сөзін тыңдамай, облыс әкімінің келуін талап етті.

Қала әкімдігіне келген жаңаөзендіктердің айтуынша, 2 қыркүйекте Жаңаөзенге Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Тұрымов келіп елмен кездесетін болған. Осыдан кейін әкімдікке келгендер тараған. Жаңаөзендіктердің наразылық шарасына ешкім кедергі келтірген жоқ.

Наразылар талабы туралы Азаттық тілшісі Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Самат Сүлей "талап анықталған соң айтамыз" деп жауап берді.

18 тамызда Нұр-Сұлтан тұрғыны Асқар Қайырбек те "55 зауыт Қытайға қайтарылсын!" деген талаппен бір адамдық пикет өткізген еді.

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы сәуірде Қытай басылымдарына берген сұхбатында Қытайдың Қазақстандағы 55 ірі жобасының 15-і жұмысын бастағанын, 11 нысан биыл пайдалануға берілетінін айтқан.

Қытай - Қазақстанға ең көп инвестиция құятын - төртінші, ең көп қарыз беретін үшінші ел. Қытай Қазақстанды шикізат көзі, сауда нарығы және транзит аймағы ретінде пайдаланады. Былтыр Қытай Қазақстанға екі миллиард 62 миллион юань көлемінде кредит берген. Нұр-Сұлтанның Қытайға қарызы 12 миллиард доллардан асады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345