Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
7421 1 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:45

Өзбекстан президенті өзі сынаған әкімдерді марапаттады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азаматтарға орден мен медаль тақты.

29 тамызда Шавкат Мирзияев Ферғана және Әндіжан облысы әкімдері Шухрат Ганиев пен Шухрат Абдурахмановты «Меҳнат шуҳрати» («Еңбек даңқы») орденімен марапаттады.

Осының алдында екі шенеунік те мемлекет басшысы тарапынан қатты сынға қалған. 2 тамызда өткен жиналыста президент Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиевті сатқын деп атап, "онымен үлкен шаруа атқару мүмкін емес" деген. Ферғана облысындағы Риштан ауданында үйлер сүріліп, халық көтерілген болатын.

Ал 5 шілдеде үкімет отырысы кезінде президент Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахмановты облыстың денсаулық сақтау басқарма басшысын балағаттағаны үшін сынға алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2109
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4978
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4205