Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5741 0 пікір 28 Шілде, 2011 сағат 04:39

Елеужан Серімов. Қасым ақынның сонет өлеңдері қақында...

Поэзиялық шығарманың уақытпен тыныстап, көркемдік-эстетикалық дең­гей­і­нің биік болуы, яғни қиыннан қиыстыра алар шеберліктен туып, рухани қа­жет­ті­лік­ті­ өтеуі - оны шынайы өнер туындысы ретінде айғақтайтын негізгі өлшемдік бел­гі­лер болмақ. Поэзияның дамуы түр, жанр байлығымен де өлшенеді. Осы орайда қа­зір­гі қазақ назымына (поэзиясына) кейіннен қосылса да, ұлттық ою-өрнегімен бе­дер­леніп үлгерген өлең түрлерінің бірі - сонет десек, ақиқаттан алыс кетпеспіз. Де­мек, мұның өзі төл өлеңіміздің үздіксіз даму, өсу үстінде екенінің айғағы. Өйт­ке­ні сонет - жалпы өлең өнеріндегі ерекше көркем құбылыс қатарына жататын сұлу поэ­зия түрлерінің бірі. Сондықтан да ол шын мәніндегі талант құдіретін керек ет­е­ді.

Әр халықтың ұлттық табиғи бітім-болмысынан, қабылдау қабілеті мен ойлау сти­лі, ой кешу үрдісінен туындайтын тәндік ерекшеліктері олардың поэзия­сын­да­ғы поэтикалық түрлерден де анық байқауға болады. Осы тұрғыда салыстыра кетсек, мәселен ор­та ғасырлардың ортасы (Х-ХV ғғ.) мен соңғы кезеңінде (ХVІ-ХVІІ ғғ.) қазақ то­пы­рағында жыраулар тудырған пәлсапалық ойға жүгінген «толғау» жанры өз дамуының айрықша са­па­лы шарықтау шегіне жеткені аян, ал сол кезеңдердегі еуропалық батыста «сонет» те сондай биік дә­ре­же­де дамыған.

Жалпы оқырман көпшілікке түсінікті болуы үшін сонет тарихына шағын шо­лу­ жасап, азды-көпті мағлұматтар беріп өткенді ләзім көремін. Сонеттің туып, қа­лып­тасу, даму төркініне зер салсаңыз, бұл жанрдың ХІІІ ғасырда Сицилия ара­лын­да дүниеге келгенін анықтау онша қиынға түспейді. Ол аз уақыт ішінде Ита­лия, Франция, Германия (Алмания) елдеріне тарап, қанатын кеңінен жайып гүл­ден­ген тұсы А.Данте, Ф.Петрарка ғұмыр кешкен уақыттарға дәлме-дәл келеді. Со кез­дерде У.Шекспир, П.Ронсар сынды поэзия саңлақтары сонеттің небір озық үл­гі­лерін жасаған. Сонет ХІХ ғасырда Ресейде қайта жанданып, сыртқы пішінге аса ден қойған символистердің сүйікті өлең түріне айналады. А.С. Пушкин, Антон Дельвиг, Денис Давыдов қаламынан туған сонеттер орыс поэзиясының інжу-маржандары қа­та­ры­нан саналады.

«Сонет» итальян тілінде «үндесу, үйлесу» деген ұғымды білдіреді. Оның іш­і­н­ара «классикалық сонет», «еркін сонет», «сонет шоғы» немесе «гүлтәжі» (венок со­нетов) деп аталатын түрлері бар. Еркін сонеттен классикалық сонеттің ай­ыр­ма­шы­лығы қалыптасқан канондық дәстүрді берік сақтауынан байқалады. Ол он төрт жол­дан тұрады. Гүлтәжі (сонет шоғы) бөлек-бөлек он бес сонетті қамтиды. Он­да­ғы­ әр сонеттің соңғы жолы келесісінің бастауы болып, ал «магистрал» деп ата­ла­тын он бесінші шумақ (тұтас өлең) он төрт шумақтың алғашқы жолдарынан құра­ла­ды.

Он төрт жолдан тұратын дәреже-деңгейі жоғары бұл өлең түріне екінің бірі ба­ра алмауы себебі - қалыптасқан дәстүрлі форма пішінін берік сақтай отырып, өл­ең­нің ішкі мазмұнының идеялық-көркемдік жағын да үйлесіммен тең ұстау ке­рек­ті, шектеулі үдеден шығу қиындығында жатса керек.

Сонет - қазақ поэзиясынан да қағажу көрмей, биік төрінен еркін орын алуда. Оған қазақ ақындары Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Х.Ергалиев, Е.Әукебаев, К.Са­лы­қов, Иранғайып өлеңдерін мысалға алсақ та жеткілікті.

Десек те, әділін айту керек, төл өлең өлкемізде  сонетке алғаш қалам тартып, со­ны түрен салған тарлан талант Қасым Аманжолов екенін мойындаған абзал. Бұл жерде Қасымдай кемел ақынды өлеңнің сырт­қы қалыбын бір сәт назарынан шығармаған құдіретті Абайдың шәкірті дерсің. Со­нау отызыншы жылдарда-ақ жазылған өлеңін «Сонет» деп айдар тағып атауы бе­кер­ден-бекер емес. Бұл сонет қазақ поэзиясына «мен жаңалық әкеледім!» деп сүйінші сұ­рай кірген керметтей ақынның дарын қуатын көрсетеді:

Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,

Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт.

Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып,

Қақпа алдында қалшиып жалғыз жігіт.

Жүрек лүп-лүп соғады, ұйқы сергек,

Көкірегін кей кезде ыза кернеп.

„Әлде басқа жігітпен кетті ме екен?

Неге алдады япырау түнде кел деп".

Ақынның халық өлеңінің элементтері, образды жүйесі бар („таң асырған тұлпардай") жылы әзілге құрылған бұл сонеті ғаламат дарынын бір ойнатқандағы туған дүниесі.

Ақынның ақындық болмысын танытатын көп қырлылық, ең әуелі оның поэ­ти­калық арсеналының байлығын білдірсе, оған үлкен ізденістің, шығармашылық өсу­дің, таным өрісінің кеңеюінің нәтижесінже ғана жетуге болады. Ғажабы сол, Қасым Аманжоловтың дарын қуатымен ерекшелігі мол, еуропалықтарға тән өлең түрі поэтикалық қалыбы бөлек қазақтың қолтума қара өлеңіне оп-оңай ай­налып, келісті үйлесімін табады. Тар аяда ақын айтам деген ойын емін-еркін жеткізеді. Бұл - сөз шеберінің ақындық диапозоны мейлінше кең болғанының дәлелі. Қасым Аманжоловтың жүз жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында оның поэтикалық қуаты туралы бір ауыз сөз болса да айтқым келді.

„Абай-ақпарат"

Қарағанды қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299