Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
46 - сөз 1528 3 пікір 12 Қыркүйек, 2019 сағат 12:34

Қағидалар қақтығысы немесе құлдық қарым-қатынас

Адам баласының өмір сүру қағидасы болмаған соң, оның мәні де болмайды екен...

Қағиданы қалыптастыратын Идеология екенін бәріміз жақсы білеміз! Идеологияның өзі екі түрден тұрады.
Біріншісі - Мемлекеттік идеология болса, екіншісі-Биліктің идеологиясы. Мемлекеттік идеологияның іргетасын қалағандар - Алаш арыстары еді.

Өкінішке орай, ол идеяны билік идеясын қолдаушы идеологтар басып, қоғамды дегредацияға ұшыратып жіберді. Жағымпаздар мен күні үшін жүргендер биліктің сойылын соғып жатыр. Оған діни идеологтар қосылып, биліктің табағындағы жілікке таласып жатқаны жайлы БАҚ тар талай жазды!

Идеология деген қатып қалған қағида емес, заманның талабына байланысты өзгеріп отыратын ұғым!!! Құлдық идеологиямен уланған, қоянжүрек, қорқақ, айтқанға басын шұлғи беретін шал-шауқандар әлі билікте жүр. Бұл үрдіс жалғаса берсе, болашақ бұлыңғыр тартады. Төрт аяғы тең жорға сияқты өркениетті елдердің дамуы, Мемлекеттік және ұлттық идеологияның мықтылығынан екен.

Біраз сараптама жасап та көрдім. Жапония, Сингапур, Малайзия сияқты мемлекеттер осыған басты көңіл бөледі екен. Батыстық өркениеті дамыған мемлекеттерде діндер, соның ішінде деструктивті діндер идеологиясы заң алдында жауапқа тартылады. Бізде ше?!!!

Ең жақсы құл, өзінің құл екенін білмейтін құл!!! Құл болмауға тырысқан мемлекет қана дамиды! Құлдардың да түрі көп ақ. Билікке құл, құдайға құл, адамға құл, байлыққа құл, нәпсіге құл деген сияқты... Рационалды, конструктивті, сыни ойлайтын адам осы жағын сараптап алады! Сонан соң шешім қабылдайды!

Билік идеологиясы бір адамның ғана ақылды, қалғаны ақымақ деген идеясы адамдарды шаршатты және іске аспайтын жобаларға ақша шашу ғана екенін адамдар түсінді! Онда санаға бір реформа, бір революция қажет!!!

Әрине, эволюциялық жолмен дамығанға не жетсін!!!

Советқазы Нұрсиланың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір