Сенбі, 23 Қараша 2024
2879 0 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 11:07

Сыр самбошылары олжалы оралды

Үндістанның Нью-Дели қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасында Азия чемпионатында сырбойылық жастар жеңіс тұғырынан көрінді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Байрақты бəсекеде қызылордалық спортшылар 4 алтын, 3 күміс медаль еншіледі.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласының самбошылары Бибіхан Нəбиева (48 келі), Наргиз Воисова (56 келі), Аружан Сатова (60 келі) жəне жалағаштық Арайлым Оразбай (80 келі) алтыннан алқа тағынды.

Ал Жанерке Асқарова (48 келі), Аружан Темiрғали мен Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылының спортшысы Диана Ғайбулла (екеуі де 52 келі) Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержанов:

– Азия чемпионатына Қызылорда облысынан 7 спортшы қатысып, барлығы да ел қоржынына медаль салды. Енді 28 қыркүйек - 9 қазан аралығында Шымкентте Əлем чемпионатының алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтеді. Əрі қарай 10 қазанда Ташкентте Əлем чемпионаты басталады. Оған осы орын алған 7 спортшымен қоса жерлесіміз Шыңғыс Мұқанғалиев қатысады,– деп хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475