Ақтөбе облысының ІІД интернетте құпия құжаттарын жариялау бойынша қызметтік тексеруді бастады
Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті интернетте құпия құжаттарын жариялау бойынша қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға ведомствоның баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев.
«Қызметтік тексеру бастадық», - деді Иманғалиев басқа түсінік беруден бас тартып.

Көшірмесі түсірілген жедел-тексеру құжаттары қазіргі уақытта http://local-news.do.am/. сайтында жарияланған, және барлық қалаған адамның көруіне қолжетімді.
Бұл ретте, заңға сәйкес органдар үшін оперативтік мүдде туғызатын адамдарға қатысты жасалатын, жедел-тексеру істері құпия құжаттар санатына жатады. Бұл жерде тұлғаның барлық байланыстары мен таныстары, оның жеке қасиеттері, мінезінің қатты және әлсіз жерлері, белгілі бер ортада өзін ұстау шеберлігі, оның психологиялық бейнесі ұсынылады.
Заң бойынша, егер ЖТІ бөтен адамның қолына түсетін болса, құжатттың тарап кетуіне кінәлілер қылмыстық ждауаптылыққа дейін тартылады. Бұндай құжаттарды сақтау тәртібі арнйы нұсқаумен бекітіледі, ЖТІ-ге рұқсаты бар адамдар ортасы қатаң шектеулі.
Таяуда ғана рок әнші Стингке бұрынғы полиция қызметкерлері Ғалия Мұхамбетова мен Күмісбек қанымбаев жүгінуге мәжбүр болған. Олар 2010 жылы «қызметтік-әскери тәртіпті өрескел бұзғаны үшін» Ақтөбе облысының ІІД-ден шығарылған. Жұмыстан босату үшін себеп режимдік кабинеттен құпия агенттері құжататрының жоғалуы болған.
АҚТӨБЕ, 1 там - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz