Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3992 0 пікір 19 Қыркүйек, 2019 сағат 15:14

Сапарбаевтың жастармен кездесуі: ЖОО-ларда волонтерлар клубын ашу ұсынылды

Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев белсенді жастармен және волонтерлармен кездесті.

«Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жастар сапалы білім мен тәрбие алуы керек. Барлығы сіздерге байланысты. Сіздерге спорт және мәдени нысандар қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалады», - деді Сапарбаев.

«Жақын арада халықаралық стандарттарға сай университеттер ашылады. Біздің жастар Қазақстанда білім алуы керек. Ия, «Болашақ» бағдарламасы өте жақсы, өз жемісін беруде. Сіздің достарыңыз, бауырларыңыз, әпке-қарындастарыңыз осы бағдарлама арқылы шет елде білім алып келді. Қазір олар мемлекеттік қызметте. Біз үшін сіздердің Қазақстанда оқығандарыңыз маңызды», - деп толықтырды ол жастармен кездесуде.

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Елбасы жастар саясатын дамытуға үнемі назар аударатындығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда жастарға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. 2017 жылы Қазақстан 183 елдің жастарын дамытудың халықаралық рейтингінде 61-ші орынды иеленді. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Министрлік, Үкімет жастарды әлеуметтендіруге бағытталған 89 шараны жоспарлады. Бүгінгі күнгі ең үлкен жетістік ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда баспана мәселесінің шешілуін атап өтер едім. Жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастарға жалдамалы баспана 5 жылға беріледі. Бұл уақыт аралығында олар ақшаларын жинап, басқа мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана алады», - деді Данияр Есин.

Айсұлу Ерниязова еріктілердің атынан Бердібек Сапарбаевтан еліміздегі барлық ЖОО-ларда еріктілер үйірмесін ашу, стипендия және ақылы бөлімде білім алып жатқан еріктілерге жеңілдіктер қарастыру мәселесін шешіп беруді өтінді.

«Расында да, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әр оқу орнында осындай клубтар мен қауымдастықтар құру қажет», - деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055