Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4089 0 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 11:14

Қызылорда облысының әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Қызылорда облысының Қуанышбек Ысқақов өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жиында аймақ басшысы өңірде кәсіпкерлік саласының даму барысына тоқталып, алдағы міндеттер жөнінде сөз қозғады.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес салық төлеуден босатылып, оларға тексеру жүргізуге мораторий жарияланатын болады. Бұл өзгерістердің түпкілікті түйіні мемлекеттің бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасаудағы стратегиялық бағытына сәйкес келеді. Біздің мақсатымыз өңірде бизнесті табысты жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау және қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, - деді Қуанышбек Досмайылұлы.

Сондай-ақ, ол облыста кәсіп бастауға ниетті жандарды қолдауға әзір екендігін және кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.Ол өз сөзінде:

- Біз үшін жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер маңызды және оларға біз жұмысты жүргізу үшін ең жақсы жағдайларды жасауға тырысамыз, - деп атап өтті.

Бұдан әрі өңір басшысы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Бұған арнайы Жол картасы әзірленіп, әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд теңге қаржы жұмсалады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 млрд. теңгесі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелер және мемлекеттік гранттар беруге бағытталған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51078 бірлікті құрап, осы жылдың 1 шілдесінде оның саны 51274 бірлікке жетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055