«Аралтұз» команиясы: «Ресейдің интернет кеңісінде таралған ақпарат негізсіз»
Жақында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» компаниясы өндіретін «Славяночка» тұзының құрамында шыны бар деген ақпарат тараған еді. Бұл жайында аталған компанияның аталған ақпаратты жалған екенін жариялады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Компания мәліметінше, соңғы уақытта интернет желісінде «Аралтұз» өндіретін өнімдерге қатысты негізсіз шабуылдар көбейіп кеткен. Әсіресе, негізсіз мәліметтер ресейлік интернет-кеңістікте өршіп, «Аралтұз» өндіретін «Славяночка» тұзының құрамына шыны бар деген аудио және видео жан-жақты тараған.
– Аралтұз» АҚ соңғы уақытта әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми мәлімдейді. «Славяночка» тұзының құрамында адам ағзасына мүлдем зияны жоқ эпсомит пен астраханит сынды табиғи минералдардан тұратын ерімейтін тұнба бар. Қайта өңдеуге келетін шикізат экологиялық тұрғыда таза. «Аралтұз» АҚ-ның барлық өнімдері ЕАЭО аумағындағы тәуелсіз аккредиттелген зертханаларда тексеріліп, сәйкестік декларациясын алады. Біз «Аралтұз» АҚ-ның ас тұзы экологиялық таза әрі әлемдік стандарттарға сай екендігін нық сеніммен айта аламыз, - деп хабарлайды «Аралтұз» компаниясы.
Бұған байланысты ел астанасындағы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдақас Байғабылов «Аралтұз» өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізілетіндігін жеткізді.
Abai.kz