Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3629 2 пікір 26 Қыркүйек, 2019 сағат 12:00

Трамп пен Зеленский Нью-Йоркте кездесті

Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесті. Мемлекет басшылары алғаш рет жүздесіп отыр.

Кездесуде Украина президенті жемқорлықпен күрес, Украина тұтастығын қалпына келтіру және елдің шығысындағы соғысы доғару - басты мақсат екенін мәлімдеді. Зеленский Украинада жемқорлыққа қарсы сот құрылғанын хабарлады.

Трамп Ресейдің Қырымды АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі кезінде аннексиялағанын еске салуды жөн көрген. Президент Зеленскийдің Украинада жемқорлықпен күресіп жатқанын құптады. Трамп Украинаға АҚШ ұшатын қару жеткізе бастағанын да айтты. Ол Обаманы кезінде Киевке әскери көмек көрсетпегені үшін сынады.

Трамп Ресей мен Украина басшылары кездесіп, ортақ мәселелерді бірге талқылайды деп үміттенеді. АҚШ президентінің пікірінше, мұндай келіссөз жемісті болар еді.

Зеленский АҚШ-тың ішкі саясатына араласуды жөн көрмейтінін ескертіп өтті. Зеленский АҚШ-қа көмек емес, қолдау сұрап келгенін айтты.

Маусым айының соңында президенттердің телефон арқылы әңгімесіне тоқталған Зеленский ол кезде Трамп тарапынан ешқандай қысым көрмегенін және оған ешқандай уәде бермегенін мәлімдеді. Трамп пен Зеленскийдің телефонмен әңгімесінің стенограммасын Ақ үй сәрсенбі күні жариялаған еді.

Стенограммаға сай, президенттер екеуара әңгімеде 2020 жылғы президент сайлауына түсуді жоспарлайтын демократ Джо Байденнің ұлы Хантер Байден туралы айтқан.

Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. 24 қыркүйекте өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси "Трамп өзінің сертін бұзды, ұлттық қауіпсіздігіміз бен сайлау институтын сатып кетті" деді.

Abai.kz
2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2039