Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
4414 13 пікір 26 Қыркүйек, 2019 сағат 13:08

Путин НАТО елдерінен Еуропаға зымыран орнатудан бас тартуын сұрады

Ресей президенті Владимир Путин ондаған елдің басшысына, соның ішінде НАТО-ның барлық мүшесіне, Еуропада орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар орнатпау туралы хат жолдады.

Бұл туралы "Коммерсантъ" газеті НАТО елдерінің дипломаттарына сілтеме жасап хабарлады. Олар БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына жиналған еді.

Дипломат сөзінше, Путиннің хаты 19 қыркүйекте жолданған. Еуроодақ сыртқы саясат мекемесінің басшысы Федерика Могерини мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг те Ресей президентінен хат алған.

Бұл хатта Путин АҚШ Еуропа мен басқа да аймақтарда орта және шағым қашықтыққа ұшатын зымыран орнатпаса, мұндай қадамға Ресей де бармайтынын жазған. Бірақ АҚШ бұл ұсыныстан бас тартып отыр. Путин өзге де елдерді Ресей ұсынысын қолдауға шақырды.

Путин хатын алған елдердің бірі Ресейдің бұл ұсынысын қолдамайтынын "Коммерсантқа" айтқан. Өйткені Ресей өз аумағында мұндай зымырандарды орнатып үлгерді дейді газет дереккөзі.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 628
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1905
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 479
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 445