Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3627 0 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 11:35

АҚШ-тағы сот "Ислам мемлекетін" қаржылай қолдаған қазақ және өзбек азаматтарын соттады

Нью-Йорктегі алқа билер соты Өзбекстан азаматы Дильхаёт Қасымовты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қаржылай қолдау көрсетті деп танып, оны 30 жылға түрмеге отырғызды.

2015 жылы 6 сәуірде Бруклиндегі федералдық сот Қасымовқа айып таққан. Тергеу нұсқасы бойынша, Дильхаёт 2015 жылы тағы бір өзбекстандық Аброр Хабибовпен бірге 1600 доллар жинап, қазақстандық Ахрор Саидахметовке бермек болған. Сөтіп тағы бір танысы Абдурасул Журабаевпен бірге "Ислам мемлекетіне" қосылу үшін Таяу Шығысқа баруды көздеген.

Саидахмедов 2015 жылы 25 ақпанда Нью-Йорк әуежайында Түркияға ұшқалы жатқан кезде ұсталды. Сот құжаттары бойынша, Қасымов Саидахмедовке ақша бергенін, оның Сирияға бару жоспарын білетінін айтты.

2017 жылы желтоқсанда сот Бруклинде тұратын 22 жастағы Ахрор Саидахмедовті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қаржылай көмек беруге талпынғаны үшін 15 жылға соттады.

Нью-Йорк прокуратурасының мәліметі бойынша, қамау мерзімі аяқталған соң Саидахмедов АҚШ-тан шығарылады. 2017 жылы қазанда Саидахмедовпен бірге тағы бір өзбекстандық Абдурасул Журабаев 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2039