Сәрсенбі, 4 Тамыз 2021
Жаңалықтар 1583 0 пікір 4 Тамыз, 2011 сағат 07:46

Алматы маңындағы ауыл тұрғындарының жаппай жұқпалы дертке шалдығуы тіркелді

АСТАНА, 4 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысындағы Бесқайнар ауылының тұрғындары жаппай жұқпалы дертке шалдығып жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес,  бас аяғы үш төрт күннің ішінде 19 адам емханаға жеткізіліп, оларға А гепатиті деген диганоз қойылған, алайда жергілікті тұрғындар сырқаттанғандар 50-ден кем емес деп санайды, деп хабарлайды КТК телеранасы.

Алматы іргесіндегі Бесқайнар ауылының тұрғындары жаппай жұқпалы дертпен ауруханаға түсіп жатыр. Басым бөлігі - балалар. Ресми мәліметке сүйенсек бас аяғы үш төрт күннің ішінде 19 адам емханаға жеткізіліп, оларға А гепатиті деген диганоз қойылған. Тұрғындар мұны сапасыз ауыз судан көрсе, мамандар әлі нақты зерттеу  қорытындысы шыққан жоқ деп отыр.

Ауыл әкімдігінің алдында күнде жиын. Ызалы халық ұрыс-керіске бой алдыруда. Түйткіл біреу. Шілденің соңынан бері ауыл тұрғындары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр.

« Дәрігерлер жексенбі күні ғана келіп, қайнамаған су ішпеңдер деп ескертті. Оған дейін ешкім ештеңе деген жоқ. Ал бұлақтың суын дүйсенбі күні ажыратты. Осындай жағдайға дейін жеткізіп қайда қарап отыр?! Ауырған адам саны 50-ден асып кетті, олар өтірік айтады», - деді ауыл тұрғыны.
Ауыл әкімі болса, барлығы 19 адамның Қаскелеңдегі орталық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенін айтады. Ал кеселдің нақты неден келгені белгісіз. Өйткені зерттеу қорытындысы шыққан жоқ .

«Оның ішінде менің де балам бар. Сары аурумен ауруханада жатыр. Мен де осы ауылда тұрамын, осы судан ішеміз. Бірақ  мәселе судан деп айта алмаймын. Бала болған соң дүкеннен қарбыз алып жейді, сусын ішеді, сондайдан да болуы мүмкін», - деді Бесқайнар ауылдық округінің әкімі Мейіржан Әділбеков.

Бесқайнардың барлық тұрғыны  осы таудан аққан бұлақтан су ішіп отыр. Басқа су көзі жоқ. Санитарлық жағдай жәйін сөз етудің өзі артық дейді олар. Және жұқпалы дерттің осы судан келгеніне сенімді.

0 пікір