Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4851 19 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 11:58

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халқаралық конференция өтеді

2019 жылғы 3 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халқаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның басты мақсаты–«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру қорытындысын шығару, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және көпшілікке тарату саласында халықаралық тәжірибе алмасу.

Шара барысында киелі жерлер географиясының теориялық-әдістемелік негіздері, Қазақстанның рухани қасиетті орындарын зерттеу, сақтау және көпшілікке тарату бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: музей кеңістігінде қайта таныстыру мәселелері талқыланады.

Конференцияға шетелдерден ғалымдар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері шақырылды: Айтпаева Гульнара –«Айгине» мәдени зерттеулер орталығының директоры (Қырғызстан Республикасы), Замятин Д.Н, – мәдениеттану докторы (РФ), Ларина Е.И.- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті (РФ), Абдолла Карачах – PhD докторы, Акдениз университетінің профессоры (Түркия), Шрамко И.Б. – В.Н.Каразин атындағыХарьков ұлттық университетінің археология мұражайының директоры (Украина), Лайос Кемечи – этнографиялық мұражайдың директоры (Венгрия), Джамаль аль-Моосави – Оман Сұлтанатының Ұлттық мұражайының бас директоры (Оман).

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572