Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3422 1 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:14

Тәжікстан күміс кенін Қытай компаниясына берді

Тәжікстан парламенті Мургаб ауданындағы "Якчилва" күміс кенін қытай инвесторларына беруді шешті. Компания жеті жылға салықтан босатылады. Ешқандай төлемсіз жаңа техникаларды елге алып келу мүмкіндігіне ие болды.

Бірақ компания жергілікті тұрғындарды жұмысқа алуға және оларды оқытуға міндетті.

"Инвестор кенді игеруге, қалдықтарды сақтайтын жай салуға, электр линияларын тартуға 385 миллион сомони (40 млн доллар) жұмсайды. Инвестор алғашқы үш жылда жұмыс орындарының 60 процентін жергілікті тұрғындармен толықтыру қажет, кейін бұл көрсеткіш 80 процентке дейін өсуі тиіс. Жұмысшылардың квалификациясын жоғарылату үшін инвестор жылына 500 мың сомони бөлуге тиіс", – деді мемлекеттік инвестиция комитетінің төрағасы Фаррух Хамрализода.

Қытайлық компания жеті жыл салықтан босатылғанымен күміс қорын үш жылда қазып бітеді екен. "Кашн Синьюи Дади Майнинг Инвестмент" компаниясының өкілі Юан Ин Ху геологиялық қазу мен тестілеу жұмыстары басталып кеткенін айтты:

–Бір жылда 40 тонна күміс қаза аламыз. Бүгінгі күні кендегі күміс қоры 113 тоннаны құрайды.

Памир таударындағы "Якчилва" күміс кені теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікте жайғасқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031