Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 7146 4 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:39

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына әкім болып тағайындалды

Белгілі саясаткер, ғалым Берік Әбдіғалиұлы Президент Әкімшілігінің және жергілікті Мәслихаттың келісімімен Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына әкім болып тағайындалды. Бұл туралы «tarlan.kz» сайты хабарлады.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық архив және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы жанындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы қызметін атқарған Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық кеңестің де мүшесі болатын. Ол жаңа әкім қызметімен бірге Президент жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болып қала береді. 

Берік Әбіғалиұлын туған өңіріне араға 9 жыл салып, қайта әкім ету туралы шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз айындағы Ұлытауға сапарынан кейін жасалып отыр.

Берік Әбдіғалиұлы (18.09.1971,  2010 жылға дейін – Әбдіғалиев) – белгілі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, тарихшы, саяси ғылымдарының кандидаты.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылғы шілде – Американдық ғылымды дамыту агенттігі, мемлекеттік басқару органдарындағы тағылымдама (АҚШ)

1997 жылдың қыркүйегі – Гарвард университеті, . Дж. Кеннеди Мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ)

2000 жылы Саяси ғылымдарының кандидаты (ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институты).

2017 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында «Аймақтық және муниципалдық менеджмент» мамандығы бойынша МВА дәрежесін қорғады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031