Жұма, 18 Сәуір 2025
3047 0 пікір 3 Қазан, 2019 сағат 12:01

Қызылордада қатты қалдықтарды сұрыптайтын кешен салынуда

Қызылорда қаласында жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын кешеннің құрылысы жүруде, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жыл басында облыстық мәслихаттың шешімімен кешенге 504 млн теңге қаржы қаралған. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5-жақты келісімшарт арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Қызылорда тазалығы» ЖШС-і, «Техонастка Ремсервис» ЖШС-і. Шарт 2019 жылғы 1 маусымда қазынашылық органына тіркелген. Кешеннің жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды.

Айта кететін жайт, жобаның 50 пайызы 652,0 млн.теңге жеке инвестордың өз қаражаты есебінен іске асырылған. Кешен жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды қауқарлы. Нысан іске қосылғанда қосымша 40 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1984
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4835
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4012