Қазақстандық Бұқаралық Ақпарат Құралдарына арналған Баспасөз мәлімдемесі
Қазіргі таңда газет-журналдардың арасында Интернетте жарияланған дайын мақалаларды айнытпай көшіріп алып, авторлар мен Интернет-сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз газет-журналдардың беттерінде қайта жариялайтын арзанқол баспа өнімдері көбейіп кетті. Блогшылар мен Интернет белсенділерінің қоғам үшін, қазақ тілінің дамуы үшін жазып жүрген мақалаларын рұқсатсыз және «ҚР Авторлық және сабақтас құқықтары туралы» Заңын өрескел бұза отырып, өздерінің күнкөріс құралына айналған газет-журналдарында жариялайтын жауапсыз журналистер мен жауапкершілікті сезінбейтін редакторлардың істеген істері қазақтілді Интернет-ресурстардың дамуына кедергі келтіруде.
Интернет-ресурстардан ұрланған мақалалар бірнеше газет-журналдардың негізгі мақалалары болып отыр. Ол мақалаларда автордың аты-жөні, ақпарат көзі мен шығу тегі (ресурсы) жайлы ешқандай мәлімет жазылмайды. Бұл автордың құқықтарын өрескел бұзушылық, яғни зияткерлік меншікті ұрлау болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселе бойынша БАҚ өкілдерін Интернет-ресурстар мен онда жүрген ерікті белсенділердің қоғам үшін жасаған еңбектерін елеп, оларды қолдауға және қарақшылыққа бой алдырған газеттерге тосқауыл болуға шақырамыз.
Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзған газеттердің үстінен сотқа арыз беру сәтіне қатысып, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды халыққа жеткізулеріңізді өтінеміз.

Арыз Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотына өткізіледі.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (Бейбітшілік көшесінің қиылысы)
Уақыты: 5 тамыз, сағат 11:00-де
Құрметпен, Сағын ҚАЛДЫБЕКОВ, «Ана мен бала» және «Мәліметтер» сайттарының жетекшісі
E-mail: malimetter@gmail.com
Телефон: 8 775 934 43 14