Қызметкерлерінің жалақылары кешіктірілуі себепті ҚР үкіметінің сайты жаңартылмай тұр, дейді интернет-ресурс қызметкерлері
Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - ҚР үкіметінің интернет-сайты қызметкерлерінің жалақылары кешіктірілуінен олардың ереуілдеуіне байланысты 28 шілдеден бері жаңартылмай тұр, деп ақпараттық ресурс қазметкерлері агенттікке хабарлады.
«Бізге мамыр-шілде айларына жалақы төленбеді. Одан басқа қаңтар айынан бері зейнетақылық қорға ақша аударлыған жоқ. Біз 28-ші шілдеден бері жалақы қарыздарын толық өтемейінше ереуілге шығатындығымыз туралы өтініш жаздық. Бұрындары біз ереуілдемеген едік, бірақ бұл шектен асты. Сайт тоқтап тұр», - деді сайт қызметкері. Бұл ретте ол барлық қызметкерлер өз орындарында отырғанын айтып кетті.
Үкімет сайты ұлттық «Қазақпарат» ақпараттық агенттік құрылымында және онда үнемі жалақы кешіктіріледі, деді сұхбатшымыз.
government.kz сайтындағы соңғы жаңалық 26 шілдемен бітеді.
Бұрын хабарланғандай, «Қазақпарат» қызметкерлері елбасына агенттіктегі күрделі қаржылық жағдайды шешуін өтініп үндеу жолдады.
Журналистердің мәліметтерінше, қазір компанияның салықтары туралы іс Жоғарғы сотта қарауда жатыр. Осыған байланысты компания есепшоты қамауға алынып, агенттік қызметкерлері 3 ай бойына жалақы алмай отыр.

Еске салсақ, шілдеде «Қазақпаратта» прокурорлық тексеру жүргізілді. «Тексеру барысында қызметкерлерге еңбекақыларының толық және уақтылы төленуі қамтамасыз етілмегені, нәтижесінде 129 қызметкер алдында 12 млн. теңге берешек пайда болғаны анықталды».