Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3515 9 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 12:46

Құранда Алла "ұлтыңды сат" демеген!

Жоғарыда қандай ағымдардың (секта) арпалысып жатқанында жұмысым жоқ! Бірақ қазақ, қазақ болып қалу керек!

Сәләфизм жайлы кеше ғана жазғаным жоқ, жеті жылдан бері қозғап келе жатқан тақырыбым!Бахавизм яғни қәзіргі сәләфизм жайлы көп қозғауымның себебі, менің шәкірттерім алғашқы опық жегендердің бірі. Жалындап, жайнап тұрған, жастардың көз алдыңда өшкенін көрген қандай қиын екенін білсеңіздер ғой! Ешкімнің басына бермесін, солардың елге кіруіне жол берген адамдардың ұрпағы жақсылық көрмесін!

Ұлттың жойылуына, "Отырардың қақпасын ашып бергендей", есік ашып берген адамдар оңбасын!

Ия, бізде неше түрлі ағымдар көп. Құраниттер, зікіршілір, нұршылар, сопылар, сәләфиттер міне біздің тепсе темір үзетін жігіттердің кіріп жүрген косяктары! Ешқандай ағымға кірмей елге қызмет етіп, біліммен, ғылымға ұмтылып мемлекетті дамытудың орнына, жүргендері сол әркімге табынып, қуып! Бұл мемлекеттегі басқару институтының жүйесі дұрыс құрылмаған. Халықты ағымдарды кіргізу арқылы, қараңғыда ұстау. Топас, зомби халықты алдау оңай болу үшін, осындай секталарға жол беру! Бұл бір сетевой маркетинг біле білсеңіздер. "Бір адам әкелсең, пәленбай бонус көресің"- деген сияқты алаяқтық басқару! Отыз жылдың ішінде әрбір қазақ жылғызым дейтін қазағым, секталарға кіріп алып, әрбір қазақ жалмауызым дейтін деңгейге жеттік!

Ұлттық құндылықтарды бұл жүйе түбімен жойды!

Күресіп жүргендердің қанатын қырқып, тұншықтырды. Көк экранды арзан шоу мен эротикаға толтырып, мемлекетіміз педофилдерге толды.

Бұл елде идеологтар, әлеуметтанушылар жұмыс істемейді. Бізде мықты мамандар дұрыс бағаланбайды. Креслода өңкей интригант, парақор, жағымпаздар отыр. Егер идеологтар жақсы жұмыс істегенде, бұл ағымдардың біреуіде біздің елде болмас еді. Көрші Өзбекстан елі сияқты "тілім", "ділім", "отаным"- деп жүрер едік!

Ал мынау бір-бір секталарға кіріп алған, ел алдында жүрген ағаларға айтарым!

Миларыңызды шайыңыздар, ояныңыздар елді, жерді қорғайтын уақыт келді. Қандай ағымға кірсеңде, құдай сені қазақ қылып жаратты, қазақ қылып алады!

Құранда Алла ұлтыңды " сат" демеген!

Айгүл Орынбектің жазбасы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613