Жексенбі, 25 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2525 0 пікір 8 Тамыз, 2011 сағат 14:47

Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жұмысымен танысты (толықтырумен)

Көкшетау. 8 тамыз. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Пухальское селосындағы «Шортанды қалалық сүт зауыты» ЖШС территориясындағы мал бордақылау шаруашылығында болды.

«Нарық коньюктурасын зерттей отырып, мал шаруашылығын дамытуды жалғастру керек», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні Зеренді ауданының аграрилерімен кездесуінде.

Одан басқа, мемлекет басшысы «Зеренді астық» ЖШС егістіктеріндегі астық жағдайымен танысты.Бұрын хабарланғандай, елбасы Еңбекшілдер ауданындағы «Қазгер Құс» ЖШС құс фабрикасы мен мал борақылау шаруашылығына барып қайтады.

Түстен кейін президент Н. Назарбаев Еңбекшілдер ауданы Мамай аулындағы қазақстан-американдық  «КазбисЛТД» мал бордақылау кәсіпорнына барып, ангус және герефорд тұқымды 2,5 мың бас малдың қалай бордақыланып жатқанымен танысты. Бордақылау кешенінің қуаты 5 мың ІҚМ ұстауға есептелген. Кәсіпорынның 85% Қазақстанға, ал 15%-ы АҚШ-қа тиесілі.

«Аймақта егін шаруашылығымен мал шаруашылығы да жақсы дамуы тиіс», - деді президент. Ол еттік бағыттағы ІҚМ біздің өлкеге жақсы бейімделіп жатқанын атап өтті.

Елбасы сондай-ақ американдық тараптың өкілі, осы кәсіпорында американдық мал бағу әдісімен тәжірибе алмасып жүрген Майкл Слереттеримен сұхбаттасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2863
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4606