Жексенбі, 24 Қараша 2024
3702 3 пікір 14 Қазан, 2019 сағат 10:49

Бас прокуратура «Ақ жол» партиясы көтерген мәселені қарастырмақ

Бас прокуратура «Ақ жол» партиясының сұрауы бойынша ауыл мемлекеттік органдардың шаруашылығы кәсіпкерлеріне субсидияны тоқтатуына байланысты мәселені қарастырмақ.

Бас прокуратура мен «Атамекен» ұлттық палатасы ұйымдастырған бизнесті қорғау жөніндегі Форумда «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев еліміздің бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған өтінішін жеткізген болатын.

Бас прокурор өтінішпен танысып, оны өзінің орынбасары Болат Дембаевқа тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қазан күні Мәжілісте бюджет талқылауы барысында Азат Перуашев мемлекеттік органдарды крестьяндық және фермерлік шаруалықтарға уәде етілген субсидияларын төлемеуіне  байланысты қатты сынға алған болатын.

Ол «Ақ жол» партиясының ауыл кәсіпкерлігін қорғау үшін сотқа баруға да дайын екенін атап айтқан.

«Бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген-мыңдаған шаруалар мемлекетке сенім артып, бар ақшаларын салып, несие алғанда (ол үшін барлық бюрократияның тозағынан өтіп) – не себепті мемлекеттік органдар ұйқыдан енді оянғандай бас тартып отыр? Артық кетсем кешірерсіздер, бұл ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылды «лақтырды» деген сөзі  емес пе?! Біздің фракция ауыл шаруашылығын субсидиялауға қаражат бөлуді талап етеді», - деп айтқан болатын ол өз сөзінде.

«Ақ жол» жетекшісінің бүгінгі Бас прокурорға өтініші депутаттардың бұл мәселеде алған беттерінен қайтпайтынын дәлелдеп отыр.

«Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарлама бойынша жұмыстарын жалғастырып, отандық бизнес мүддесін қорғаудағы жұмысын әрі қарай жалғастыра береді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5658