Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 2992 6 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 12:48

Сыроежкин енді Қазақстан азаматы емес

"Мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталған саясаттанушы Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады. Сыроежкин 175-баптың, 1-бөлімі бойынша айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Саясаттанушы енді жазасын өтеп болғаннан кейін елден шығарылмақ.

Алайда, бұл үкім әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан саясаттанушының қорғаушылары оның кінәсіз екенін дәлелдеу үшін жоғары инстанция соттарына жүгінуі мүмкін. Ал, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкіміне сәйкес, Константин Сыроежкин он жылға сотталып, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылды. Және, Алматы қалалық сотының ресми хабарламасында "Ол қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді", - делінген.

Сонымен қатар, ғалым жазасын өтегеннен кейін, Қылмыстық кодекстің 51-бабына сәйкес, мәжбүрлі түрде елден шығарылады. Оған бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, Константин Сыроежкин – саясаттанушы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, профессор. Ол 2019 жылдың ақпанында "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен қамауға алынды. Америкалық Wall Street Journal газеті 10 шілдеде дереккөздеріне сілтеме жасап, «Сыроежкин ақшалай сыйақыға Қытайға құпия құжат сатуы мүмкін» деген ақпарат таратқан. Wall Street Journal Қытай билігінің Сыроежкин ісін «жоқтан бар жасау» деп сипаттағанын ескерткен. Басылым Сыроежкиннің қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болып тұрғанда Қытай мәселесі бойынша кеңесшісі болғанына да назар аударған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659