Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5553 1 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 11:45

Н.Назарбаев: Түркі кеңесін халықаралық ұйым деңгейіне көтеру керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде өткен түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 7-ші отырысына қатысты. Ол саммитте Президент Шавкат Мирзиёевті және бүкіл өзбек халқын Түркі кеңесіне толыққанды мүше болуымен  құттықтады. 

Кеңестің құрамына Өзбекстанның мүше болуы – бүкіл түркі тілдес қауымдастық үшін тарихи әрі көптен күткен оқиға, – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Будапештте Түркі кеңесінің өкілдігін ашу - ынтымақтастықтың Еуропа векторын дамытуда ерекше маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасы Қырғыз Республикасының Түркі кеңесіне төраға қызметіндегі жұмысын жоғары бағалады.

Маған «Түркі Кеңесінің Құрметті Төрағасы» мәртебесін беру туралы ұсынысы үшін Президент Режеп Ердоғанға алғыс білдіремін. Осы бастаманы қолдағандарыңыз үшін баршаңызға ризамын. Бұл жоғары мәртебе маған ортақ ұйымымыздың жұмысына одан әрі белсенді қатысуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің құрылу тарихына тоқталды.

Мерейтойлық межеге біз жақсы жетістіктермен жеттік. Біріншіден, жаһандық тұрғыда да, өз ішімізде де ұйымға сұраныс бар екенін әрі оның өзектілігін дәлелдей алдық. Екіншіден, Кеңестің қатары Өзбекстан мен Мажарстан есебінен толықты. Бұл біздің бірлескен  жылнамамыздың жаңа парағы. Үшіншіден, елдеріміз салмақты институционалдық архитектура қалыптастырды. Төртіншіден, Кеңестің өңірлік және халықаралық деңгейдегі саяси және экономикалық беделі өсіп келеді. Бесіншіден, Түркі әлемі интеграциясының тұжырымдамасы қабылданды, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркі интеграциясы процесін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, Түркі кеңесін одан әрі дамыту үшін екі ұсыныс айтты.

Біріншіден, «Түркі келешегі – 2040» бағдарламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркі тілдес қоғамдастықтың ұзақ мерзімді мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдары енгізілуге тиіс. Осылайша біз мемлекеттеріміз үшін сыртқы саясат пен «жұмсақ күш» саясаты, сауда және транзит, туризм және инвестиция, энергетика мен жасыл экономика, шағын және орта бизнес сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай серпін береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы іс-шаралар бағдарламасына мәдениет және білім беру, жастар саясаты мен денсаулық сақтау, цифрландыру және жасанды интеллект салаларын енгізу қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Түркі әлемінің бесігі» – Түркістан қаласын дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Екіншіден, болашақта Кеңесіміздің атауын қайта қарауды ұсынамын. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін Ұйым деңгейіне дейін көтеруге болады деп санаймын. Осылайша, біздің құрылымды «Түркітектес мемлекеттер ұйымы» деп атауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652