Нұра Матай. Білім беру гранттары хақында
Өткен аптада Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалық етуімен Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министрліктің деректеріне сүйенсек, 2011/2012 оқу жылында мемлекеттік білім тапсырысының көлемі 36 046 грантты құраса, оның 35 046 күндізгі оқу нысанына, 1000 сырттай оқу нысанына қарастырылыпты. Былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік білім беру тапсырысы жаратылыстану ғылымдары (350 грантқа), техникалық ғылымдар және технологиялар (362 грантқа), ауылшаруашылық және ветеринария (280 грантқа) ұлғайды.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 91 018 талапкер қатысса, оның ішінде қазақ тілінде - 66 912, орыс тілінде - 24 106 қатысты. Сондай-ақ, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 3070 «Алтын белгі» иегерлері, 1240 халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздар қатысты. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу кезінде олардың басым құқығы бар.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ауылдың жастарына, І, ІІ топтағы мүгедек-балаларға, соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, қазақ диаспоры өкілдеріне, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқуға түсу кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінен қабылдау квотасы қарастырылған. Білім беру гранттары нақты мамандықтарға, тіл бөлімдеріне және оқыту нысандары бойынша сертификаттағы балдарына сәйкес тағайындалды.
Білім беру грантына ие болған жеңімпаздардың толық тізімі 10 тамыздан кейін республикалық («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») баспасөз беттерінде жарияланады дейді министрлік мамандары.
Алайда, кеше http://www.uchi.kz/rezultaty-konkursa-grantov/rezultaty-konkursa-gos-grantov-2011-goda сайтында 2011-2012 жылдарға бөлінген грант иегерлерінің «бейресми» тізімі жарияланды. Бұл тізімнің қандай жолмен жарияланғаны, оның өтірік-шындығы әзірге белгісіз. Біреулер бұл тізімнің ішінен өздерінің есімдерін тауып қуанып та жатыр, таба алмағандар «Егемендегі» ресми тізімдерді тағаттана күтуде.
«Бейресми» тізімді мына жерден қотарып алуға болады.
Еліміздің нақты ЖОО-на бөлінген гранттар санын мына жерден қотаруға болады.
«Абай-ақпарат»
Жүктеп алу: