Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Алаң 4858 16 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 16:38

Жанболат Мамай жаңа партия құрмақ

Бүгін белгілі қоғам қайраткері, журналист Жанболат Мамай Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, саяси партия құратынын мәлімдеді.

- Біздің қоғамға өзгеріс керек. Бүгіннен бастап бейбіт жиынға шығып, ұсталған саяси тұтқындар босатылуы тиіс. Кез келген алаңға шыққан адамды қамап, әкімшілік жауапқа тартып жатыр. Бұл дұрыс емес. Бейбіт шеру туралы заң өзгеруі тиіс. Содан кейін конституция туралы заң да өзгеруі керек. Қазіргі заңмен ештеңе өзгермейді. Елде болып жатқан жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Біз парламенттік мемлекет болуымыз керек.

Дәл қазір бізде тіркелген партиялар болғаныменен шынайы өзгерісті қалайтын партия жоқ. Бір ғана партия бар, ол – «Нұр-Отан». Қалғандары соның клондары. Алда келе жатқан сайлауға қатысып, күш болатын партия жоқ. Біз алда қиындық болатынын білеміз. Оған дайынбыз. Өз сөзімізде тұратындығымызға сөз беремін. Әріптестерімізбен келісіп, саяси партия құруды көздеп отырмыз.

Партия құру жәй әділет министрлігіне тіркелу емес. Ол мүдделес азаматтардың бас қосып, қоғамды өзгертіп, билікке келу. Біз осыған дайынбыз. Бүгінгі биліктің саясатына көңілі толмайтын, елде өзгеріс болғанын қалайтын азаматтардың бәрі бізге қосыла алады. Бізге елбасы туралы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы туралы заңның керегі не? Олардың бәрін өзгертуіміз керек. Керек заңдарға қолданыста жүруі шарт, - деді Жанболат Мамай.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4133