Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2416 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 06:14

Маңғыстау облысының полициясы «Мұнайфилдсервис» бұрғышысын өлтіріп кеткен адамды іздестіруде

Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ - Маңғыстау облысының полицицясы «Мұнайфилдсервис» ЖШС бұрғышысы, 28 жасар Жақсылық Тұрбаевты өлтіріп кеткен адамды іздестіруде, деп облыстық ІІД хабарлады.

«2011 жылы 3 тамызда 17 сағат шамасында Жаңаөзеннің ІІБ кезекші бөліміне «Мұнайфилдсервис» ЖШС диспечерінен телефон арқылы № 83 КРС НГДУ-1 қондырғысының маңында өлі адамның табылғаны туралы хабар келіп түсті. Кейін ол адамның «Мұнайфилдсервис» ЖШС бұрғышысы, 28 жасар Жақсылық Тұрбаев екендігі анықталды», - делінген таратылған хабарда.

Келіп түскен ақпарат бойынша, шүйдесінен зақымданған жұмысшының денесі киім алмастыратын вагон алдында табылған.

Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Ж. Тұрбаевтың өлімі бас сүйегінің зақымдануы себепті орын алған. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 96-шы бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазірге облыстық ішкі істер департаментінің бастық орынбасары Ержан Саденов бастаған оперативтік тергеу тобы құрылды. Соның басшылығымен Жаңаөзенде оперативтік-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113